12 C
Нур-Султан
03.06.2023

63 мыңнан астам оқушы жаңа бағдарлама бойынша оқиды

Жаңа оқу жылында Алматыда 4,9,10 сыныптардың 63 мыңнан астам оқушысы жаңа бағдарлама бойынша оқиды. Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасының бастығы Гүлнәр Қожабергенова айтты.

«Қалада жалпы білім беретін 204 мемлекеттік, 55 жеке меншік мектеп бар. Онда 257 мыңнан астам оқушы оқиды. Орта білім саласында негізгі әдістер анықталған. Қазіргі уақытта Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесі таратылуда. Жаңа интеграцияланған білім беру бағдарламасы балалардың қабілеттерін дамытуға, оқушылардың білімі мен дағдыларын нақты тәжірибеде және функционалдық сауаттылықта қолдануға бағытталған. 2016 жылдан бастап НЗМ тәжірибесіне сәйкес 1,2,3,5,6,7,8 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұнына көшкен болатын. Жаңа оқу жылында 4,9,10 сыныптардың 63 мыңнан астам оқушысы жаңа бағдарлама бойынша оқитын болады. Осы бағытта 15 мыңнан астам мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өтті », — дейді Г.Қожабергенова Алматыдағы білім беру қызметкерлерінің форумы барысында.

Оның айтуынша, химия, биология, физика және информатика пәндерінде ағылшын тілін қолдану бойынша жұмыс жалғасады. «Қазіргі уақытта аталған пәндердің оқытушылары ағылшын тілін үйренуде, курс осы жылы аяқталады », — деді департамент басшысы.

Айта кету керек, бүгін Алматыда білім беру қызметкерлерінің форумы өтіп жатыр, оның барысында 2018-2019 оқу жылының қорытындысы шығарылып, жаңа 2019-2020 оқу жылына арналған стратегиялық міндеттер айқындалады.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...