-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

Жаңа оқу жылының каникул күнтізбесі белгілі болды

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2019-2020 оқу жылының канкулдар мерзімін белгіледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 337 бұйрығы бойынша 2019 — 2020 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мерзімі бекітілді.

Аталмыш бұйрық меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, орта білім беру нысандарының барлығына ортақ. Құжатқа бойынша, оқу жылының басталуы 2019 жылғы 1 қыркүйекке сай келеді. Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.

«Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады», — делінген министр бұйырғында. Оқу жылы барысындағы каникул кезеңдері төмендегідей: 1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күнге, яғни, 2019 жылғы 28 қазан — 3 қараша аралығына жоспарланған.

Қысқы каникул – 2019 жылғы 30 желтоқсан – 2020 жылғы 8 қаңтарды қоса алғандағы 10 күнді қамтымақ. Ал көктемгі – 2020 жылғы 21 наурыз – 2 сәуір аралығындағы13 күнге белгіленіп отыр.

Жаңа оқу жылында 1-сынып оқушыларына қосымша каникул қарастырылған. 2020 жылдың 3-9 ақпан арылғында қосымша 7 күндік демалыс белгіленген.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...