03.05.2024

Көпбалалы отбасылардың балаларына арналған 5 мың гранттың шарттары қандай?

5 мың гранттардың шарттары жайлы Үкіметтің баспасөз орталығында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтып берді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 5 мың грант бөлінеді. Гранттар осы жылдың қыркүйек айынан бөліне бастайды. Бір шарт бар — ол гранттарға Ұлттық бірыңғай тестілеуде шекті бал алған түлектер үміткер бола алады. 5 мың грантқа үміткер бола алатын нақты санаттар бар — олар көпбалалы отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары. Бізде биыл 53 700 грант болады. Алдымен, осы гранттарды үлестіріліп, содан ілінбей қалған, жоғары санатқа енетін түлектер 1 тамыздан кейін өтініш бере алады», — деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, гранттарды бөлуде ешқандай жемқорлыққа жол берілмейді.

Еске сала кетсек, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына биыл 5 мың білім гранты бөлінеді. Бұл туралы кеше Ақордада БАҚ өкілдеріне ҚР Президентінің сыйлықтары мен гранттарын табыстау рәсімінде  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан болатын.

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА