2424-11-21

Абай облысының әкімі өңірдегі жаңа мектептердің құрылысы туралы айтты

Абай облысында ұлттық жобасы аясында 4 мектептің құрылысы іске асып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндені баспасөз мәслихатында осы өңірдің әкімі Нұрлан Ұранхаев мәлім етті.

«Оқушы орын тапшылығын азайту мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2700 орындық 4 мектептің құрылысы іске асып жатыр. Биыл, жыл соңына дейін 3 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. 2025 жылы Аягөзде 600 орындық мектеп пайдалануға беріледі. Былтыр облыс орталығында «KAZ Minerals» есебінен 1200 орындық мектеп құрылысы туралы айтқан болатынмын. Биыл мектеп пайдалануға берілді. ІТ-бағытында оқушыларға заманауи білім беру көзделіп отыр», – Н. Ұранхаев.

Оның айтуынша, жұмыс істеп тұрған мектептерге 2200 орындық 6 қосымша құрылыс және 510 орындық 6 шағын жинақталған мектеп салуға жобалық-cметалық құжаттама әзірленді.

«Былтырғы брифингте көпфункционалды Оқушылар сарайы салынатыны туралы да айтқанмын. Құрылыс жүріп жатыр. Жоба келер жылы іске қосылады. Бұл балаларымызды қосымша біліммен қамтуды одан әрі арттыруға мол мүмкіндік береді. Облысымызда ІТ-саласы жақсы дамыған. Оқушыларымыз жыл сайын республика, халықаралық деңгейде үздіктер қатарынан табылып отырады. Сол себепті, биыл біз IT және жаңа технологиялар жоғары колледжін аштық. Ол заманауи базамен жабдықталған. ІТ бағыттар бойынша құзыреттілік орталығы жұмыс істейді», – деді әкім.

Оның сөзіне қарағанда, білім беру саласында материалдық-техникалық базаны нығайтып, нысандарға жөндеу жүргізуге 3,4 млрд теңге бөлінді. 3 мектепке күрделі жөндеу, 1 мектепке орташа жөндеу, 166 білім беру мекемесіне ағымдағы жөндеу жүргізілді. 49 жаңа модификацияланған кабинет (STEM, физика, химия) пен балалар тасымалына арналған
3 шағын автобус пен 1 автобус алынды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР