2424-11-25

Мектеп бағдарламасынан кейбір пәнді алып тастау керек пе?

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп пәндерінің кейбірін оқу бағдарламасынан алып тастауға қатысты түсінік берді.

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдері ведомство басшысынан ата-аналар мен бірқатар педагогтың ұсынысы бойынша мектеп пәндерінің кейбірін оқу бағдарламасынан алып тастауға қатысты пікірін сұрады.

«Бірден айтайын, ата-аналар артық деп санады деп алып тасталмайды. Қазір ғалымдар, мамандар, талқылап жатыр, өйткені, баланың әлемдік бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру үшін, баланың жан-жақты білімді болуы өте маңызды. Сондықтан бұл жерде ғылыми көзқараспен келу керек деп есептеймін», – деп қысқа жауап қайтарды Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, министр биыл тамызда Астанада өткен ауыл педагогтерінің форумында мектеп бағдарламасына ешқандай жаңа пән енгізілмейтінін айтқан еді.

Еске сала кетсек, осы жылы шахматты мектеп бағдарламасына енгізу де сөз болды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР