2424-11-22

Мектеп құрылысы үшін жерлерін босатып берген зағиптар қоғамына жаңа автобус сатып алынды

«Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Павлодардағы филиалына жаңа жайлы автобус табысталды. Бұған дейін жергілікті билік кәсіпорын қызметкерлерінің қала ішінде қатынауы үшін көлікпен қамтамасыз етуге уәде берген болатын.

Облыс әкімі Асайын Байханов қоғам қызметкерлеріне 1200 орындық жаңа мектеп салу үшін жер учаскесін қалаға бергені үшін алғысын білдірді.

Автобус сыйлады
Фото: Валерий Бугаев

— Сіздердің кәсіпорын аумағын сатып алу мәселесіне түсіністікпен қарағандарыңыз оқушы орындарының тапшылығын шешуге көмектеседі. Бұл үш ауысымда оқуға мәжбүр болған балалардың болашағы үшін өте маңызды. Біз мұны бағалаймыз және өз тарапымыздан сіздерге әрқашан қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз. Бұл автобустың «Рубиком» компаниясының демеушілігімен сатып алынғанын атап өткен жөн және компанияның басшылығына әлеуметтік жауапкершілік танытқаны үшін алғысымды білдіремін, — деді өңір басшысы.

Автобус сыйлады
Фото: Валерий Бугаев

Павлодардағы қазақ зағиптар қоғамының құрылғанына 60 жылдан асты. Бір кездері мұнда трактор зауытына арналған бөлшектер, көлік сымдары жасалды. Ал қазір мұнда төсек-орын, киім, матрацтар, қолғаптар, сүзгілерге арналған тысқаптар тігіледі, алдағы уақытта жиһаз жасау жоспарда бар.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР