27.04.2024

ҰБТ-2016 жеті күннің қортындысы

Бүгінгі күнге дейін ұлттық бірыңғай тестілеудің жетінші күні өткізілді.

2-8 маусым аралығында өткізілген тестілеуге  83824  бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде – 61535, орыс тілінде –  22289 бітіруші. 

Тестілеу жетінші күні 3 ҰБТӨП-тің базасында өткізілді.

Тестілеудің жеті күнінде мүмкін болған 125 балды 19 бітіруші жинады:

Маткалиева Динара Маратқызы, Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия, Алматы қ.;

Меирханова Аружан Ерланқызы, Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия, Алматы қ.;

Оспанова Рамзия Рамазановна, Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия, Алматы қ.;

Мухаметкали Еркежан Досенқызы, №175 «Жаңа ғасыр» гимназиясы, Алматы қ.;

Махамбетов Қалдыбек Ибрагимұлы, №169 мектеп-лицей, Алматы қ.;

Беркинова Акнур Нурболовна, Қаратөбе мектеп-гимназиясы, Батыс Қазақстан облысы;

Болат Кәмшат Болатқызы, №17 Семей мектебі, Семей қ.;

Ержанов Нұрасыл Ержанұлы, №72 мектеп-лицей, Астана қ.;

Исмаилова Дана Суюндыковна,  Х.Оспанов атындағы №3 мектебі, Павлодар обл.;

Маратова Ақерке Маратқызы, Абай атындағы мектеп, Шығыс Қазақстан облысы;

 — Усин Адиль Куатович, Қызылқақ мектебі, Павлодар обл.;

Балтабай Ерасыл Айтбекұлы, Б.Момышұлы атындағы №120 мектеп, Шымкент қ.;

Әбубәкір Ақмарал Кенжеханқызы, А.Шерімқұлов атындағы мектеп, Оңтүстік Қазақстан облысы;

Кеңесбеков Абылай Еркінұлы, Мухамед Хайдар Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған мектебі, Шымкент қ.;

Тортай Аяжан Қайратқызы, М.Әуезов атындағы мектеп, Оңтүстік Қазақстан облысы;

Түгелбай Фариза Абайқызы, «№178 лицей» (Алматы қ.);

Әбішев  Тілекберген Абдыманапұлы, №3 Қазақ – түрік лицкей-интернаты, Жезқазған қ.;

Асан Ақтолқын Болатқызы, Д.И.Менделеев ат.№15 мектеп-лицей, Шымкент қ.;

Турдиева Мерей Хайроллақызы, үш тілде оқытатын №2 мамандандырылған мектеп-иетернаты, Шымкент қ.

Тестілеудің жеті күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған үшін 38 бітіруші тестілеуден шығарылды, оның ішінде:

— ұялы байланыс телефондарын пайдалану – 19 бітіруші;

— емтихан материалдарын бүлдіру – 1 бітіруші;

— сұрақ кітапшаларды сыртқа шығару мақсатында оның ішіндегі ішкі беттерін ауыстыру – 17 бітіруші;

—  тестілеуге бітірушінің орнына бөгде адамның кіруге әрекет етуі – 1 бітіруші.

Келесі кестеде ҰБТ-ның тестілеу күндері бойынша қысқаша нәтижелері келтірілген:

Лек күні

Өтініш саны

ҰБТ-ға қатысты

Конкурс пәндері бойынша 50 баллдан төмен алғандар

Бес пән бойынша 100-ден жоғары

Тестілеудің бір пәні бойынша қанағаттанарлықсыз баға алғандар

барлығы

қаз

орыс

барлығы

қаз

орыс

барлығы

қаз

орыс

барлығы

қаз

орыс

1

02.06

18599

13349

5250

17934

13026

4908

2274

1615

659

3834

2811

1023

480

2

03.06

19802

14189

5613

19224

13970

5254

3302

2343

959

3246

2275

971

709

3

04.06

22021

15533

6488

21185

15190

5995

3945

2776

1169

4273

3106

1167

857

4

05.06

14214

9811

4403

13662

9591

4071

2494

1727

767

2865

2059

806

568

5

06.06

6339

5279

1060

6153

5168

985

1121

907

214

1255

1037

218

322

6

07.06

3900

2926

974

3832

2887

945

652

487

165

822

679

143

129

7

08.06

86718

62800

23918

83824

61535

22289

14240

10259

3981

16506

12164

4342

119

Барлығы

86718

62800

23918

83824

61535

22289

14240

10259

3981

16506

12164

4342

3184

%

100

72,419

27,581

96,663

73,41

26,59

16,988

72,044

27,956

19,691

73,694

26,306

 

Тестілеу нәтижесімен келіспеген бітірушілердің келесі күні сағат 14:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқықтары болады. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданады.

Апелляцияға өтінішті беру барысында бітіруші әрбір тест тапсырмасы бойынша тестілеу нәтижелерімен келіспейтін негіздемесімен беру керек.

Тестілеудің алты күнінде (3-8 маусым аралығы) Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 539 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 138 тест тапсырмасы қанағаттандырылды, яғни жалпы тестілеудің жеті күнінде қолданған тест тапсырмаларының 0,16%-ын құрайды.

Негізінде бұл апелляциялар қазақ тілі, математика, биология және Қазақстан тарихы пәндерінен болды.

Келіп түскен өтініштерді қанағаттандырудың негізгі себебі:

  • әртүрлі авторлардың оқулықтарындағы оқылудың айырмашылығы;
  • техникалық себептер, оның ішінде баспалық қателер.

Сонымен қатар, өту деңгейінен өте алмаған бітірушілер ағымдағы жылы қайта кешенді тестілеу тапсыру арқылы жоғары оқу орындарының ақылы негізде оқуға түсуге құқылы. Қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында тамыз айының 1-і мен 8-і аралығында қабылданады, ал тестілеу тамыз айының 19-ы мен 24-і аралығында өткізіледі.

Қазбілім порталы

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА