12 C
Нур-Султан
03.06.2023

Астана қаласында ҰБТ бойынша орташа балл — 89,2

2016 жылғы 2-6 маусымда елордада Бірыңғай ұлттық тестілеу өтті. Қала бойынша орташа балл 89,2 құрады, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2,6 баллға өскен, — деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Үстіміздегі жылы 4695 түлектің 3785-і тестілеуге қатысты, бұл түлектердің жалпы санының 80,6% құрайды. 887 оқушы (18,9%) дәстүрлі емтихан тапсырды, оның ішінде 262-сі — халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (жарыстардың) жеңімпазы, 625 – таяу және қиыр шетелдік ЖОО-ларға оқуға түсетін түлектер. 23 оқушы денсаулығына байланысты қорытынды аттестациядан босатылды.

Ұлттық емтиханның қорытындысы бойынша № 72 мектеп-лицейінің түлегі Нұрасыл Ержанов 125 сұрақтың барлығына дұрыс жауап берген. 1460 (38,6%) түлек 100-125 балл жинады, 150 (5%) оқушы шекті балл ала алмаған.

«Алтын белгіге» үміткер 187 түлектің (Назарбаев университетіне түсетіндіктен біреуі емтихан тапсырудан бас тартты) 127-сі өз білімін растады, бұл 67,9% құрайды, 10 оқушыға 1 баллдан жетпей қалды, 3 оқушы қайта тапсыратын болды.

«Алтын белгі» иегерлеріне аттестаттар табыстау рәсімі 17 маусымда елорда әкімдігінің алдындағы қалалық алаңда өтеді. 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...