26.04.2024

Биылдан бастап педагог мамандығын таңдаған талапкерлер қосымша емтихан тапсырады

ҚР БҒМ ЖОО және ЖОО-дан кейінгі білім беру департаментінің директоры Серік Өмірбаев педагогикалық мамандық таңдаған абитуриент арнайы емтихан тапсыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Биылдан бастап педагог мамандығын таңдаған талапкерге қойылатын талап та күшейді. Олар ЖОО түсуді анықтайтын ҰБТ бөлек, тағы екі емтихан тапсырады. Мақсат — ЖОО тапсыратын жастардың педагогикалық қызметке бейімділігі қаншалықты деңгейде екенін анықтау.

«Талапкердің білікілігін жоғарғы оқу орындарында өткізілетін арнайы емтихандар арқылы белгілейміз. Болашақ студенттің педагогикалық кәсіп таңдауға лайықты ма, жоқ па оны арнайы тапсырылатын тосын жағдайдан шығу жолы мен психологиялық тест арқылы анықтаймыз», — деді С. Өмірбаев.

2016 жылдан бастап ҚР «Білім туралы» заңының 9-бап 26-тармағына сәйкес педагогикалық және өзге де арнайы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар арнайы емтихан тапсыруға міндетті деген өзгеріс енгізілді.

Емтихан ЖОО базасынан бекітілген 22 университетте өткізілмек. Олар 14 облыс орталықтары және Астана, Алматы, Арқалық, Жезқазған, Түркістан, Семей қалалары. Арнайы емтихан шілденің 2-14 аралығында жүргізіледі. Ал құжат қабылдау рәсімі 20 маусым – 9 шілде арасында.

Предыдущая статья
Следующая статья
-ЖАРНАМА-spot_img

4 КОММЕНТАРИИ

  1. Тамаша,мектептегі білім деңгейін көтермей,ешқайда бара алмайтынымыз айдан анық

  2. бірінші мектептегі білім деңгейін көтерсеау. басына отырып алып аяқ жағына карамай басынан бастап кеткені. мектептегі білім деңгейін көтермей, нәтіжеге кол жеткізу мүмкін еме, педогогикалық мамандарға түсетіндерде бірең сараң, көбі ақшанын көптігімен бітірет. енді емтихан қослса онда студенттерден ала түрған ақшада көбейсе керек,

  3. Осы сонгы кездерде байкауымша, УБТ-дан оте алмай калгандар немесе 9 битрп баратн жер таппаган сон мугалим болатын болыпты! Бирак, мен барлыгы дей алмаймын.. Сонгы 3-4 жылдыкта орналаскан мугалимдерды керы окытуларнзды сураймын. Бастаган истерин кишкене болсада елге келтирер пайдасы болады деген умиттемин! ✋

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА