7 C
Нур-Султан
22.09.2021

Ұстаз ана

Адам оқып-біліп ұстаз болмайды, ұстаз болып туады. Болмысында тәлімгерлік қасиеттің ұшқыны жоқ адам ешқашан педагог бола алмайды. Ұзақ жылдардан бері оқу-білім саласында абыройлы еңбек етіп келе жатқан Айсұлу Сәрсенбаева тәжірибесі мол  ұстаз, білікті басшы.
Оның  елорда маңындағы   Қосшы ауылындағы №1  Қосшы орта мектебін басқарып келе жатқанына бір мүшел болыпты. Бәрекелді дейсің! Ең алғаш оны көргенде «сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді» деген сөз рас екен-ау, жан сұлулығы мен биязылығы, білімділігі көркіне көрік қосып, жарасымдылық тауып тұрғанын-ай!.. Нағыз үлгі тұтарлық жан екен!..» деп тамсандым.
Өмір бойы тынымсыз еңбектеніп, уақытты нақтылап, нәтижелі жұмыс көрсеткенінен, әр минутта өз мақсатымен өмір сүріп, маңызды іс пен шұғыл шаруаны шатастырмағанының арқасында, халық алдындағы жауапкершілігімен мектеп директорлығына дейін көтерілді.
Жан-жақты, жасандылықтан ада мінезімен, дүниетанымының кеңдігімен біраз белестерді бағындырды. Оған  масаттанбайтыны көрініп тұр. Жаратылысынан қарапайым, сұңғақ бойлы, көрген жанның көзін сүйсіндіретін сұлу пішінді Айсұлу Биғожақызы игілікті істің жаршысы бола білгендіктен екі мәрте Целиноград аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды. «Мақсатым – ауыл тұрғындарының тұрмыстық деңгейін жақсартуға атсалысу және ең алдымен ауыл мектептерінің мүддесін қорғау, ауыл мұғалімдерінің жағдайларын жақсарту, олардың дәрежесін көтеру болды» дейді, ағынан жарыла. Еліне еңбек етіп жүргені құптарлық та қуантарлық іс.
Ардақты ұстаз Ақмола облысы Сандықтау ауданы, Амангелді ауылында өмірге келген. 1974 жылы мектепті бітіріп, Целиноград ауылшаруашылық техникумына түсті. Еңбек жолын егіс бригадасында агроном болып бастады.  1979 жылы Амангелді орта мектебіне мұғалім болып ауысты.  1990 жылы Целиноград педогогикалық институтының  қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне түсіп, 1993 жылы аяқтап, мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары, оқу ісінің орынбасары қызметтерін атқарды. Бізбен әңгіме барысында осынау қарбаласқа, тәжірибеге толы еңбек жолын сағынышпен айтып берді.
Еңбегі еленді. Бүгінде Қазақстан халық ағарту ісінің озық қызметкері. Тәуелсіздігіміздің он жылдығы мерекелік медалімен, Елбасымыз Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
«Мемлекет басшысының атынан Алғыс хат алу – сан жылдық еңбегімнің жемісі. Осы уақытқа дейін тәлім-тәрбие берген шәкірттерімнің арасынан  ел экономикасын көтеретін білікті басшылар, мәдениет саласының майталмандары,  мемлекеттік қызметте біліктілігімен көзге түсіп жүргендер қаншама?! Көрген жерде  ұстаз еңбегінің ұлы екендігін айтып, бас иіп жатады. Мұның өзі төккен терімнің текке кетпегені деп білемін» дейді аяулы ұстаз.
«Ұстаз» деген – «Анадан» кейінгі ұлы есім болса, Айсұлу апайымыз аналық борышын да естен шығарған емес. Бүгінде  өмірлік жолдасы екеуі бір шаңырақтың астында үш ер азамат тәрбиелеп отырған бақытты ата-ана, немерелерінің ақылман ата-әжесі.
Айсұлу Биғожақызының немерелері болашақта әжесінің жолын қуып, үлгілі ұстаз болғылары келеді.  Үйде келіннің қолынан шай ішіп, сыртта елдің балаларының болашағына алаңдап, арасында немерелерін еркелетіп жүрген бақытты ана болу үшін де көп жылдық тәжірибе мен асқан шыдамдылық керек екенін тілге тиек етті.
«Заманына қарай адамы» демекші, бүгінгі күннің оқушылары  жан-жақты. Инновациялық білімді игеріп қана қоймай, олардың үш тұғырлы тілді еркін меңгерулеріне барлық жағдай жасалған. Айсұлу апайдың пікірінше, жаңа ғасырдың ұрпағын тәрбиелеуде ұстаздардың басты міндеті – әр балаға тура жол көрсету, тұлғалық қасиетін дамыту, шығармашылық дарынын шындау.
Міне, осындай ұстаздың алдын көрген ұрпақтың болшағынан зор үміт күттіретінін сеніммен айта аламын.

Гүлжаз Қыдықбекова

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Білім министрлігі барлық өңірлеріндегі жауапты басшылардың ұялы телефонын жариялады

Білім министрлігі еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің бірінші басшыларының, сондай-ақ олардың орынбасарларының ұялы телефон нөмірлерін жариялады. «Қазақстандықтар аумақтық департаменттердің...

Гуманитарлық білім саласында қазақ тіліндегі 100 оқулық таныстырылды

ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген мәжілісі аясында гуманитарлық білім саласында қазақ тіліндегі 100 оқулық таныстырылды. Бұл...

ШҚО-да 10 білім беру мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді

Шығыс Қазақстан облысында 10 білім беру мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Биылдан бастап мектептер мен балабақшалар білім беру стандарттары талаптарына сәйкестігін айқындау үшін аттестаттаудан өтеді....

Дүние­жүзілік үздік ұстаздардың топ елулігінде қазақстандық мұғалім бар

Жуықта Varkey қоры «Әлем мұғалімі» жаһандық сый­лығына үміткер үздік ұстаздардың есімін атады. Дүние­жүзілік байқауда үздік елуліктің қатары­на кіргендердің қатарында Се­мей­дегі Назарбаев зияткерлік мекте­бінің мұғалімі...

Тағылымдамаға жіберілетін ғалымдар іріктелуде

«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелге тағылымдамаға жіберілетін ғалым­дарды іріктеу жалғасып жатыр. Жетек­ші мамандар мемлекет есебінен әлемнің үздік жоғары оқу орындары мен ғылыми орта­лықтарында тағылымдамадан өтіп,...