08.05.2024

Оқулықты жазудың жүйесі қалыптаспай, жүйелі оқулық жарық көрмейді.

«Ағайын айтпаса, сөз атасы өледі», —  демеуші ме еді, осындағы баршаңыз шулап жатқан ҝазақ әдебиетіндегі «Қамбар батыр» жырында кездесетiн келеңсіз тармақтар секілді сауатсыздық әр оқулықты ақтарсаң табылады. Идеологияның басты құралы болып табылатын оқулықтың бүлінуінің басы да, соңы да бұл емес.

Бүгін біздің жауапты министрлік қуласты, ертең жауап береді, дәл сол тармақты түзеттік, қате кетіп қалыпты деп. Бәріміздің айтқанымыз орындалғандай мәз боламыз, бірақ, біз көрмеген идеологиялық сорақылық сол бетінше өріп жүреді.

Ойлаңыздар, «Қазақ әдебиетінің хрестоматиясын» құрастырған, қазақтың әдебиетінен қанып іштік деген әдебиетшілер бұндай сорақы мәтінге жол бергенде, басқа авторларға не дейсіздер? Сөзім жоқ.

Олардың да сөзі жоқ, себебі, бүгінгі білім – ғылымның кез келген саласында жауапкершілік жоқ, біріне — бірі итере салады. Бұл іске де олар дәл осылай жауап береді. Бұл — біздің министрліктің үйреншікті әдеті…

Білім саласын меңдеген бұл ауру толық айықпас дертке шалдыққан, басқа басқа бизнеске айналдыруға келмейтін елдің ең маңызды саласы қазір ең үлкен бизнеске айналды. Сол үшін де біз шулаймыз, шулаймыз… Бірақ олар білгенін істейді, себебі, тағы бизнес…

6c4a97042b63b679e2b6a0f23e243ceaБірінші емес, үшінші мәрте өңделіп басылған бұл оқулықтағы Қамбарды арақ ішкізіп, шылым шеккізген, қыздарымызды кеудесінен ұстатып анықтаған (тарих оқулығы), бұл — ұсақ деталь, бұндай деталь жетерлік әрі кейбірін айтудың өзі ұят.

Кезінде »Нұр Отан» партиясының жанындағы «Мирас» қоғамдық ұйымында ел ағалары бар, қоолданыстағы барша оқулыққа үш айдан астам сараптама жасап, үлкен жобамызды көрсетіп, соңғы қорытындысына министрдің өзі келіп тұрып, не үшін келгенін түсінбей отырған қазіргі министр Аслан Сәрінжіповты көргенде-ақ, »қоянның өзін көріп қалжасынан түңілгенмін»…

Білім саласындағы бизнестің жолы кесілмей, ешнәрсе оңалмайды…

Осыған дейін біз қаншама шырылдадық…

  1. БҰЛ ОҚУЛЫҚТАРДЫ КӨРУ – ҰЯТ.
  2. ЖАҢЫЛТПАШ ОҚУЛЫҚТАР ҚАШАН ТҮЗЕТІЛЕДІ?!
  3. ОҚУЛЫҚ ОЛҚЫ БОЛСА, ОҚУШЫ ҚАЙДАН ОҢАДЫ?
  4. ОҚУЛЫҚ САПАСЫ ОҢАЛДЫ МА?
  5. »ОҚУЛЫҚ» СӨЗІН »ОЛҚЫЛЫҚ» СӨЗІМЕН ШАТАСТЫРАТЫН БОЛДЫҚ
  6. БАҒДАРЛАМА ОҢАЛМАСА, ОҚУЛЫҚ ҚАЙДАН ОҢСЫН!
  7. ОҚУЛЫҚТАҒЫ ОЛҚЫЛЫҚТАР »КЕШ ЕМЕСТЕ»
  8. ОҚУЛЫҚ САПАСЫН АРТТЫРУҒА ҰСЫНЫС
  9. ОҚУЛЫҚ ОЛҚЫ БОЛСА… ОҚУШЫ ҚАЙДАН ОҢАДЫ? (2)
  10. ДАРВИННІҢ САНДЫРАҒЫН ОҚУЛЫҚҚА КІРГІЗГЕН КІМ?
  11. БІЛІМ МИНИСТРІНІҢ ЕЛ АҒАЛАРЫНА ПЫСҚЫРМАҒАНЫ НЕСІ?

Бір тақырыпта осынша көп айтсақ та, жазсақ та, қайыра еске саламыз, оқулықты жазудың жүйесі қалыптаспай, жүйелі оқулық жарық көрмейді…

Қазбілім порталы

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА