7 C
Нур-Султан
22.09.2021

Шығармашылық бәйге қатысушыларының назарына:

Құрметті оқушылар һәм дарыны мен қарымы мықты шәкірт тәрбиелеп жатқан ұстаздар!
Бүгінде әлемге танымал Тәуелсіз Қазақстан тарихы талай ғасырларға табан тірейтіні анық. Бастауын сонау мыңжылдықтар қойнауынан, Көк түріктер қағанаты мен Алтын Ордадан алатын Керей-Жәнібек хандар құрған Қазақ хандығының 550 жылдығы мемлекеттігіміз жылнамасындағы маңызы зор мерейлі мереке екені айқын.
Бұл айтулы аймаңдай жылнаманы айрықша биік мемлекеттік деңгейде жалпы ұлттық мерекеге айналдыру барша Қазақ азаматының қасиетті борыштарының бірі. Біз, Қазбілім (kazbilim.kz) порталы, айтулы күнге орай барша қазақстандық оқушылар арасында шығармашылық бәйге жарияған еді.
Шығармашылық бәйгенің мақсаты — жас ұрпақты патриоттық-тағылымдық тәрбиеге баулитын, Елбасымыз ұсынған “Мәңгілік ел” ұлттық идеясынан туындайтын, Қазақ елінің кешесі, бүгінгі һәм ертеңгі келбеті оқушы көзімен суреттеліп, еліміз тарихындағы ерен еңбегі сіңген тұлғалар туралы бүгінгі өскелең ұрпақтың көз қарасын көрсету. Елдің ертеңіне елеулі еңбек етер патриот, зияткер ұрпақ қалыптастыруға үлес қосу.
Шығармашылық бәйгеге шығарма қабылдау 18 ақпаннан басталып, 5 сәуір аралығында жалғасты. Порталымызға 30 ға жуық, әр жанырдағы, әр деңгейдегі шығармалар келіп түсті. Шығармалар тұрақты порталдың оқушы ойы бөлімінде жарияланды. Шығармашылық бәйгеге келіп түскен шығармаларды әділ қазылар алқасы қарап жатыр. Шығармашылық бәйгенің қортындысы осы аптада шығады, әрі, орын алған қатысушыларға порталдың атынан шақыру жіберіледі. Байқау нәтижесі алдын ала сайтта жарияланады. Марапаттау рәсімі 16 сәуір күні Астана қаласы №73 физика-техникалық мектебінде өтеді.
Қазылар алқасы:
Серікзат Дүйсенғазин. Айтыскер ақын. Танымал ән сөздерінің авторы.
Қалқаман Сарин. Ақын. тарих ғылымдарының кандидаты. Теле жүргізуші. Танымал ән сөздерінің авторы.
Жақсылық Орынбасар. Айтыскер ақын, порталдың шеф радакторы.
Бейсен Ахметұлы. Журналис.
Ербол Алшынбай. Ақын. Астана радиосының жүргізушісі.

Бас жүлде – біреу
Бірінші орын – біреу
Екінші орын – екеу
Үшінші орын – үшеу
Ынталандыру – үшеу
Шығармашылық бәйгеден іріктелген шығармалар жеке кітап болып шығады.

Ескерту: Өзге облыстардан Астанаға марапаттауға келе алмаған жүлделі оқушылардың жүлдесі почта арқылы мектебіне жіберіледі.

Қосымша сұрақтар болса 8702-931-8008, телефондарына қабарласуларыңызға болады.

-ЖАРНАМА-

2 КОММЕНТАРИИ

  1. Неліктен қортынды әлі жарияланбаған. Апта аяқталды емес пе! Және алыстан келетін қатысушыларға уақыт аз қалады. сондықтан тездетіп жариялауды сұраймыз.

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Білім министрлігі барлық өңірлеріндегі жауапты басшылардың ұялы телефонын жариялады

Білім министрлігі еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің бірінші басшыларының, сондай-ақ олардың орынбасарларының ұялы телефон нөмірлерін жариялады. «Қазақстандықтар аумақтық департаменттердің...

Гуманитарлық білім саласында қазақ тіліндегі 100 оқулық таныстырылды

ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген мәжілісі аясында гуманитарлық білім саласында қазақ тіліндегі 100 оқулық таныстырылды. Бұл...

ШҚО-да 10 білім беру мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді

Шығыс Қазақстан облысында 10 білім беру мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Биылдан бастап мектептер мен балабақшалар білім беру стандарттары талаптарына сәйкестігін айқындау үшін аттестаттаудан өтеді....

Дүние­жүзілік үздік ұстаздардың топ елулігінде қазақстандық мұғалім бар

Жуықта Varkey қоры «Әлем мұғалімі» жаһандық сый­лығына үміткер үздік ұстаздардың есімін атады. Дүние­жүзілік байқауда үздік елуліктің қатары­на кіргендердің қатарында Се­мей­дегі Назарбаев зияткерлік мекте­бінің мұғалімі...

Тағылымдамаға жіберілетін ғалымдар іріктелуде

«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелге тағылымдамаға жіберілетін ғалым­дарды іріктеу жалғасып жатыр. Жетек­ші мамандар мемлекет есебінен әлемнің үздік жоғары оқу орындары мен ғылыми орта­лықтарында тағылымдамадан өтіп,...