2525-05-13

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасына өзгерістер енгізілді

025 жылғы 30 сәуірдегі Үкімет қаулысымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары нақтыланды. Осылайша екі ауысымда оқитын мектептер мәселесін шешу үшін кемінде 460 400 оқушы орнымен қамту жоспарланып отыр:

— 2024 жылы — 257 000 жаңа оқушы орны (бұрын 260 600 орын жоспарланған болатын);

— 2025 жылы — 203 400 жаңа оқушы орны (бұрын 199 800 орын жоспарланған).

Апатты жағдайдағы мектептерді азайту:

— 2023 жылы — 0,2%;

— 2024 жылы — 0,2%;

— 2025 жылы — 0,1%.

Ұлттық жобаға сәйкес 460 400 жаңа оқушы орнын (екі ауысымды оқыту жағдайында) салу жоспары:

2024 жылы — 454 000 орын;

2025 жылы — 6 400 орын.

Жайлы мектептерді пайдалануға беру үлесі:

— 2024 жылы — 50,6%, оның ішінде: қалаларда — 30,3%, ауылдарда — 20,3%;

— 2025 жылы — 100%, оның ішінде: қалаларда — 60,9%, ауылдарда — 39,1%.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Сәуірде жыл соңына дейін ел бойынша 112 жайлы мектеп пайдалануға берілетіні белгілі болды.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР