2525-01-22

Қазақтандық колледждерде 153 мың студентке тегін білім беру мүмкіндігі

Тегін техникалық және кәсіптік білім беру мүмкіндіктерін кеңейту: 2025 жылы еліміздегі колледждерде мемлекеттік тапсырыс 153 мың орынға дейін ұлғаяды.

Оқу-ағарту министрлігі тоғызыншы сыныпты тәмамдаған түлектер үшін сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім алуға жағдай жасауды жалғастыруда. Биыл сұранысқа ие техникалық және кәсіптік білім беру саласында тегін білім алатын студенттер саны 153 мың адамды құрайды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10 мың орынға артты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік тапсырыстың 70%-ы техникалық мамандықтарға, оның ішінде машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және басқа да салаларға бөлінеді.

«Негізгі мақсат – бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, оқу орындарын заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықтау және педагогтардың біліктілігін арттыру. Қазіргі уақытта кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін жаңғырту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл мемлекеттік тапсырысты ұлғайтуға, білім беру бағдарламаларына үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуге, сондай-ақ кәсіби шеберлік чемпионаттарын өткізуді қамтиды. Сонымен қатар, кәсіпорындармен бірлесе дуальды оқыту жүйесін дамыту және мамандарды даярлау үшін бизнес құрылымдары мен инвесторларды тарту көзделуде», – деп атап өтті Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.

Қазіргі таңда колледждерге 518 кәсіпорын қолдау көрсетіп отыр, ал олардың санын 4 мыңға жеткізу жоспарлануда. Бұдан басқа, жұмыс берушілермен бірлесіп, кәсіптік стандарттар мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары және WorldSkills талаптарына сәйкес 8 мыңнан астам білім беру бағдарламасы әзірленді. Биыл колледждер мен жұмыс берушілер тағы 2 мыңнан астам білім беру бағдарламасын әзірлеп, өндірістік базада 2 мың педагог тағылымдамадан өтетін болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР