20 C
Нур-Султан
25.09.2023

БЖБ және ТЖБ: Мектеп оқушыларының білімі қалай бағаланады?

Қай сыныпта және қандай пәндерден жиынтық бағалау өткізілмейді?

Ашық НҚА порталында мектеп оқушыларының үлгерімін бағалауға арналған қағидалар жобасы қоғамдық талқылауға жарияланды. Жобада ішінара өзгерістер болғанымен, мектеп оқушыларының білімін бағалау тәртібінде аса өзгеріс жоқ. Бұл материалда мектепте бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) қалай өткізілетінін түсіндіреміз.

№1. Формативті бағалау

Формативті бағалау – оқушының сыныптағы күнделікті оқу үлгерімін, сабаққа қатысуы мен үй тапсырмасын орындауын бағалау көрсеткіші. Мұғалім оқушының үй жұмысын, сабаққа қатысуын жазбаша (дәптерлерде немесе күнделіктерде/электронды журналдарда) не ауызша бағалайды. Оның нәтижелерін қағазға шығару не ары қарай сақтау талап етілмейді. Формативті баға оқушының тоқсандық, жылдық бағасына әсер етпейді.

№2. Жиынтық бағалау

Жиынтық бағалау – тоқсанды, оқу жылын, сондай-ақ оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді (ортақ тақырыптарды) оқып аяқтағаннан кейін өткізілетін бағалау түрі.

1-сыныпта жиынтық бағалау жүргізілмейді. Білім алушыларға балл қойылмайды, оқу үлгерімі формативті бағаланады.

Жиынтық бағалаудың екі түрі бар:

  • БЖБ – бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау;
  • ТЖБ – тоқсандық жиынтық бағалау.

№3. БЖБ

Бір тоқсанда бірнеше бөлім бар. Әр бөлім бойынша оқушының білімі мен біліктілігін тексеру үшін БЖБ алынады. Ол бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу түрінде болуы мүмкін. БЖБ қандай форматта болатынын және тапсыру уақытын педагог өзі шешеді.

БЖБ үшін максималды балл:

  • 1-4 сыныптарда: кемінде – 7 балл, ең көп дегенде – 15 балл;
  • 5-11 (12) сыныптарда: кемінде – 7 балл, ең көп дегенде – 20 балл.

Оқу жүктемесі аптасына 1 сағат болса, БЖБ тоқсанына екі реттен артық болмайды. Ал қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.

Негізінен БЖБ бір тоқсанда үш реттен артық өткізілмейді. Бір тоқсанда төрт және одан да көп бөлімдер мен ортақ тақырыптар өтсе, олар біріктіріледі. Оны екі кезеңде өткізуге болады.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Астанада мектеп директорының үстінен іс қозғалды

Оқушы баспалдақтан құлаған мектеп директорына қылмыстық іс қозғалды. «Анасымен хабарласып отырмын. Қазіргі уақытта баланың жағдайы, орташа ауырлық деңгейінде, жақсарып келеді. Ақыл-есін біледі. Сұраққа жауап береді,...

Алматыда тоғызқұмалақтан әлем чемпиондары белгілі болды

Алматыда қыркүйектің 21-24 аралығында тоғызқұмалақтан оқушылар арасында (U-15, U-17) тұңғыш рет әлем чемпионаты өтті. Жарыс жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысқан Дүниежүзілік және республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті...

Назарбаев университеті мен мектептері қоғамдық бақылауда болады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы мен ілеспе құжат мақұлданды. Заңда қоғамдық бақылау саласын мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеу, қоғамдық бақылауға қойылатын талаптарды айқындау,...

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...