03.05.2024

Колледждердің білім гранты иегерлерінің тізімі қашан жарияланады

Республика колледждеріндегі білім гранты иегерлерінің тізімі 26-28 тамыз аралығында жарияланады.

Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің басқарма басшысы Алтай Рахимберлин осылай мәлім етті.

«Бүгіннен бастап гранттардың қорытындысы жариялануда. Қазіргі таңда мерзімді медициналық және шығармашылық мамандықтар бойынша гранттардың нәтижелері белгілі болды», — деді Алтай Рахимберлин.

Оның айтуынша, талапкерлер грант нәтижелерімен ғаламтордан және колледж сайттарынан білуге болатынын айтты.

«Жұмысшы және орта буын мамандықтарына берілетін гранттардың қорытындысы 26-28 тамыз аралығында белгілі болады. Жалпы, биыл сұранысқа ие мамандықтар бойынша бізде арнайы байқау ұйымдастырылады. Оған сәйкес, біз танымал педагогикалық, медициналық мамандықтар бойынша грантқа өтпегендерді басқа салаларға бағыттаймыз», — деп толықтырды Алтай Рахимберлин.

Сонымен қатар ол биыл колледждерге түсуге 180 мыңнан астам талапкер құжат тапсырғанын мәлім етті.

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА