23.05.2024

Биыл 1-сыныптар үшін сабақ жаңа форматта басталады – министрлік

Қыркүйек-қазан айлары аралығында бірінші сынып оқушылары 35 минуттан оқиды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды.

«2-11 (12) сыныптардағы сабақтың ұзақтығы – 45 минут. Бірінші сыныптарда оқу уақыты сатылы режимде енгізіледі. Яғни, қыркүйек айында бірінші сынып оқушылары – 35 минуттан үш сабақ оқитын болады. Ал қазан айынан бастап 45 минуттан білім алады – санитариялық қағидаларға сәйкес, сабақ уақытында дене шынықтыру және көзге арналған гимнастика жаттығулары жасалады», – деп жеткізді министрліктің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, биыл мектеп ғимаратын шарлармен безендіруге рұқсат етілмейтіні мәлім етілген болатын.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА