Ғылым және жоғары білім министрлігі үш жылдық бюджетте мемлекеттік білім беру гранттарының санын арттыру мүмкіндігі туралы мәлімдеді.
Министрлік мәліметі бойынша, Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамыту бойынша 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамаға сәйкес, сұранысқа ие мамандықтар, оның ішінде техникалық бағыттар бойынша білім алу үшін мемлекеттік гранттар саны ұлғайтылады. 2029 жылға қарай мемлекеттік білім беру гранттарының саны кемінде 75 мыңға жетуі жоспарланған.
2024-2025 оқу жылында білім беру гранттарының саны өткен жылмен салыстырғанда 5000-ға артып, өсім көрсетілген. Министрлік бұл бағыттағы жұмысты тұрақты түрде жалғастырып, грант санын арттыруды жоспарлап отыр.
Бұған қоса, грант тағайындауға 104 мыңнан астам талапкер құжат тапсырды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға артық. Нәтижесінде, 79 мыңға жуық білім беру гранты бөлінді. Мемлекеттік гранттар республикалық комиссияның шешімімен тағайындалды. Гранттар үшін ең үлкен конкурс «Стоматология» мамандығында өтті.