22 C
Нур-Султан
13.08.2022

Асхат Аймағамбетов тіл білу дағдыларын өлшейтін рейтингтер туралы айтты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халықтың тілдік дағдыларын өлшейтін халықаралық рейтингтер туралы телеграм каналында жазды.

«Жақында мен халықтың тілдік дағдыларын өлшейтін халықаралық рейтингтер туралы жазып едім. Бұл жазбаның мән-мағынасы Қазақстанның орнын көрсету немесе міндетті түрде елдің жетістіктеріне назар аудару емес еді. Дегенмен осы жазбаның астындағы пікірлер оқырманның көпшілігі басқаша түсінгенін, көбінесе Қазақстанның IELTS нәтижелері туралы ақпаратты ғана оқығанын көрсетті. Бірақ мен халықтың тілдік дағдыларын бағалайтын бірнеше рейтингтің диаметральді қарама-қарсы нәтижелерін арнайы көрсетуге тырыстым. Мақсат осы рейтингтердің әдістемесін түсіндіру болды. Олардың қандай критерийлер негізінде қалыптасатынын, әрбірінде авторлық әдістеме бар екенін және кейде олардың атауларын немесе қорытындыларын оқығанда бұл рейтингтердің біздің түсінгенімізден әлдеқайда басқаша болатынын көрсету маңызды болды. Сол себепті әдістемені түсіну және көру маңызды екенін тағы да еске салғым келеді», — деді Білім министрі.

Сонымен қатар Асхат Аймағамбетов білім саласындағы әртүрлі рейтингтер және зерттеулер жайында ақпараттармен бөлісуді жалғастыратынын және рейтинг қаншалықты репрезентативті және нақты екенін әр оқырман өзі шешуі тиіс екенін жеткізді.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Атырау облысында мектеп тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатыр

Атырау облысында жаңа оқу жылында үш мектеп ашылады. Биыл тағы бес мектептің құрылысы басталады. Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенованың мәліметінше, жаңа оқу...

Жетісайда бір мектептің барлық түлегі мемлекеттік грантқа ие болды

Түркістан облысы, Жетісай ауданы Б. Момышұлы мектебін бітірген 63 түлек түгелдей мемлекеттік грантқа ие болды. Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Б. Момышұлы мектеп...

Баласын мектепке киіндіруге қаржылай көмек алған ата-аналар чек көрсетіп, есеп беруге тиіс

«Жалпыға міндетті білім беру» қоры қаржысын мақсатсыз жұмсаған ата-ана жауапқа тартылады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев...

2025 жылға дейін мемлекеттік білім гранты 90 мыңға дейін артады

2025 жылға дейін мемлекеттік білім гранты 90 мыңға дейін артады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты. Оның атап...