23.05.2024

Еліміздегі 1447 мектепте оқушылардың біліміне мониторинг жүргізілуде

Бұл жөнінде ҚР Білім және ғылыми министрінің бірінші орынбасары Шолпан Қаринова Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Бүгін еліміздің 1447 мектебінде, бұл барлық мектептердің 25%-ы, оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу басталады. Оған 4 және 9 сынып оқушыларының арасынан 112 мыңнан астамы қатысады. Ол сәуірдің 29-на дейін жалғасады. Қатысатын мектептер кездейсоқ таңдау әдістемесімен анықталды», – дейді вице-министр.

Айтуынша, аталмыш шара заңға былтыр енгізілген. Биыл мектептерде алғаш рет өткізіліп отыр.

Мониторинг мектеп базасында өтеді. Оқушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығы бағаланады.

«Оған оқушыларды арнайы дайындаудың қажеті жоқ. Мониторинг сұрақтары оқу бағдарламалары бойынша әзірленген және оқушылардың функционалдық сауаттылығын анықтауға бағытталған», – деп жазды минстрдің орынбасары.

Шолпан Қаринованың жазуынша, мониторинг қорытындысы бойынша мектептер үшін жеке тақырыптар мен балаларға қиындық туғызған материалдар талқыланады. Нәтижесінде сапалы білімге қол жеткізу үшін білім сапасын арттыру жолында әр өңірге және жекелеген мектептерге арналған кешенді талдау жүргізіліп, әдістемелік ұсынымдар әзірленеді.

Еске салсақ, Шолпан Каринова ұлттық біліктілік тестін тапсыру кезінде қайтыс болған педагог жайлы пікір білдірген болатын.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА