-9 C
Нур-Султан
22.03.2023

Халықаралық Astana English school мектеп гимназиясы жанынан қазақ тілі бастауыш ұйымы құрылды

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы астаналық филиалының бұған дейін ана тілі төңірегіндегі келелі мәселелеріне белсенді үн қатып жүрген мүшелерінің бастамасымен қазақ тілі бастауыш ұйымдары құрыла бастады.

Солардың алғашқысы – №81 Astana English school мамандандырылған гимназия жанынан құрылған қазақ тілі бастауыш ұйымы.

Бүгін Қоғам мүшелері аталған білім ордасының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен бас қосып, ана тіліміздің қолдану аясын кеңейту, мәртебесін биіктету, қоғамда тілді үйренуге деген қызығушылықты арттыру ісіндегі нақты мәселелерді талқылады. Әлемде таралу бойынша бірінші орында тұрған ағылшын тілінің мұғалімдері де қазақ тілін дамытуға, келешекте қолданыс аясын кеңейтуге және танымалдығын арттыру бойынша ұсыныстарын жеткізді.

Жиынға қатысқан Қоғамның астаналық филиалы төрағасының орынбасары Лариса Алдаберген бастауыш ұйымды құруда таңдау неліктен аталған гимназияға түскенін айтты.

«№81 Astana English school мамандандырылған гимназия тіл үйрету ісінде бай тәжірибеге ие белсенді ұжым. Бүгін мектептің қазақ тілін өскелең ұрпақ бойына сіңіруге, ана тілінің танымалдығын ағылшын тілі деңгейіне көтеруге іс жүзінде әрекет етіп жатқанына көзіміз жетіп отыр. Ұсынысымызға қолдау білдірген гимназия директоры Гүлнәр Дінқуатқызы мен ұжымды мектептің халықаралық статус алуымен құттықтаймын», деді Лариса Алдаберген.

Сондай-ақ, ол осы форматтағы басқосулар қазақ тілі мұғалімдерінің тілді меңгертуге деген құлшынысын арттыратынын және ана тілін дәріптеуге, жарнамалауға, мәртебесін арттыру мен қордаланған мәселелерді шешу үшін клуб құрып, айына бір рет басқосу өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Жиын қорытындысында бастауыш ұйымның 10 мүшесі бекітіліп, алдағы 9 айда атқарылатын жұмыстар нәтижесінде (мектепте эксперимент жасап көріп) арнайы жобалар жасауға шешім қабылданды.

«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілінің қоғамның барлық саласында қолданылуына, дамуына ынталы, елімізде және шетелдерде тұратын азаматтардың басын біріктіретін ерікті ұйымға мүше болғаныма өте қуаныштымын! Алға қойған мақсатымызға жетуге атсалысып, тіліміздің мерейін асқақтата берейік!», дейді №81 Astana English school мамандандырылған гимназиясының мұғалімі Индира Дарабайқызы.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...

Шетелдік ғылыми тағылымдама: өзгерістер мен жаңартулар

Білімде шекара жоқ. Қазіргі таңда оқимын, білімімді шыңдаймын деген дарынды жастардың кез келген елге барып, тең дәрежеде білім алуына толық мүмкіндігі бар десек қателеспейміз. Президент...