-18 C
Нур-Султан
09.02.2023

Айдын Рахымбаевтың қомақты сыйақысын жеңген педагог анықталды

BI Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев қазан айында 100 мың доллар немесе Нұр-Сұлтан қаласынан 3 бөлмелі пәтер ұсына отырып ауыл мектебінің директорлығына конкурс жариялаған болатын.

Кеше Айдын Рахымбаев әлеуметтік желідегі парақшасында 480 үміткердің ішінен іріктелген педагогты таныстырды. Аталған қызметке Республикалық физика-математика мектебінде директордың орынбасары қызметі мен лайықты жалақы алып отырса да ауыл мектебінде білім сапасын көтеруге ынталы болған Аралбек Берікұлы лайық деп танылған.

«Аралбек Берікұлы мұндай қадамға уәде етілген сыйақы үшін емес, ауыл мектебіндегі білім сапасын жақсартуға шын пейілімен кіріскенін сұхбат-сынақ барысында аңғардым. Ол осы кезең барысында жалақысының қанша болатынын мүлдем сұрамады. Керісінше арманындағы мектепті салу жоспарын, онда жүргізілетін жаңа әдіс-тәсілдерді зор құлшыныспен жеткізді. Тіпті ресми бұйрықты күткен үш айдың ішінде ауыл мұғалімдері мен оқу үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты бастап кетті», деп жазды Айдын Рахымбаев.

Сондай-ақ, BI Group компаниясының басшысы таңдалған кандидатпен ауыл мектебін қайта салуды ғана емес, осындай мектептердегі білім сапасын ілгерілететін бірегей модульді сынап көруге келіскенін айтты.

Үздік педагог бас қаладан Айдын Рахымбаевтың ауылына отбасымен бірге, 5 баласымен көшкен.

Айдын Рахымбаев өз кезегінде Аралбек Берікұлының ауыл мектебін басқару бұйрығына оң шешім танытқан ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке алғыс айтты.

Айта кетейік, үздік педагог енді ШҚО, Көкпекті ауданы, Казнаковка ауылында (Құлынжан), Өскемен қаласынан 160 шақырым қашықтықта орналасқан білім ордасын басқарады.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

7 мыңға жуық мектеп пен колледжге буллингтің алдын алу бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіледі

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті хабарлағандай, еліміздің бірнеше өңірінде балаларды жәбірлеудің (буллинг) алдын алу және білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтердің жұмыс принциптері...

«Өліммен бетпе-бет келдік»: қазақстандық студент Түркиядағы жағдай туралы айтып берді

Нұрболат Кәрібай – қазір Түркияның Кайсері қаласында білім алып жүрген студенттің бірі. Анадолы жерінде отбасымен тұрып жатыр. Ол қаладағы жағдайды түсіндіріп өтті. «Түркияның Кайсері қаласында...

Атырау университетінде онлайн курс және вебинарлар жазу студиясы ашылды

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Жаппай ашық онлайн курсы (MOOC) оқыту әдістемесі аясында онлайн курстар мен вебинарларды жазу бейнестудиясы мен IT сыныптары ашылды. «Бұл кабинет, біріншіден,...

«Сауатым жоқ»: 42 жастағы әріп танымайтын келіншек «Әліппені» оқып жүр

Алматы облысында пәтер жалдар тұратын Талғат Кәстекбаев пен Жаңакүл Көшербаеваның үш баласы бар. Олар күн салқында киетін аяқ киім таба алмай, мектепке бара алмай...

Қазақстандық ЖОО-лар Түркиядағы студенттерді қабылдауға дайын – министрлік

Қазақстандық жоғары оқу орындары Түркияда оқып жатқан ел азаматтарын және қандастарды қабылдауға дайын. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «ҚР Түркиядағы елшілігінің...