2525-01-10

Мектепте орамал тағуға қатысты сот шешімі

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соты мектепте орамал тағуға қатысты ішкі тәртіп ережелерін талқылады.

Талап қоюшы министр 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына сүйеніп, орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына баскиім киюге тыйым салынбағанын алға тартып, сотқа жүгінді. Ол шаш пен мойынды жабатын орамалды діни киім ретінде қарастыруға келіспейді.

Сот тараптардың дәлелдерін мұқият зерттеп, қарастырды.

«Білім туралы» Заң мен мектептің Жарғысы мектеп формасы барлық оқушылар үшін діни немесе басқа да ерекше белгілерсіз біртұтас болуы тиіс екенін белгілейді. Бұл оқушылар арасында теңдік, бейтараптық және үйлесімділік орнатуды көздейді. Мектеп формасына әртүрлі конфессиялардың элементтерін қосуға рұқсат етілмейді», – деп атап өтті сот.

Соттың қорытындысына сәйкес, бірыңғай форма оқу ортасының ұйымдасқан әрі тәртіпті болуын қамтамасыз ететін маңызды құрамдас бөлік болып табылады.

«Ата-аналар балаларын белгіленген мектеп формасын киюге міндетті етеді. Сот білім беру мекемелерінің талаптарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Қағидалардың 16-тармағының 2) тармақшасын заңсыз деп тану туралы талап қанағаттандырылмады», – деп көрсетілген соттың шешімінде.

Бұл шешім әлі де заңды күшіне енген жоқ.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР