17 C
Нур-Султан
09.06.2023

Қандастар еліміздің ЖОО-ларына ҰБТ-сыз қалай түсе алады

Қандастар еліміздің жоғары оқу орындарына Ұлттық бірыңғай тест тапсырмай түсе алады. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтылған.

«Заңнамаға сәйкес білім беру гранттары Ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі – ҰБТ) нәтижелеріне сәйкес білім беру бағдарламаларының нақты топтары бойынша конкурс негізінде беріледі. Бүгінгі күні қандастар үшін мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінің 4 пайызыы (2265 грант) мөлшерінде жоғары оқу орындарына түсу үшін қабылдау квотасы көзделген. Осы квота аясында 2012 жылдан бастап 2021 жылға дейін 8 000-нан астам қандас қабылданды. 2020 жылдан бастап жоғары білімге қолжетімділікті кеңейту мақсатында қандастар үшін ҰБТ алғаш рет электронды форматта ұйымдастырылды. Ол тестілеуді қашықтан шетелде тапсыруға мүмкіндік берді», — деп атап өтеді вице-премьер жауабында.

Оның дерегінше, биыл онлайн тестілеуге 1 143 қандас қатысты, 796 қандас немесе ҰБТ-ға қатысушылардың жалпы санының 69 пайызы білім грантын алды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 76 пайыз деңгейінде болды

«2020 жылдан бастап SAT, АСТ және IB халықаралық стандартталған тестілерінің балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру енгізілді. Аталған сертификаттары бар адамдар ҰБТ тапсырудан босатылады. Тиісінше, стандартталған тест сертификаттары болған жағдайда қандастар ЖОО-ға ҰБТ-сыз түсуге мүмкіндігі бар», — деді ол.

Ералы Тоғжанов 2020 жылдан бастап диаспора өкілдері ҰБТ тапсырмай ЖОО-ға дайындық бөлімдеріне қабылдаудың бекітілген қағидаларына сәйкес әңгімелесу нәтижелері бойынша қабылданатындығын атап өтеді.

«Жыл сайын жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік стипендиямен және жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ете отырып, Қытай, Өзбекстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан және Түркіменстаннан 1000-нан астам қандас қабылданады. Дайындық бөлімінің бағдарламасы бойынша қандастар қазақ тілін, жалпы білім беру пәндерін оқиды, ҰБТ-ға толыққанды дайындық курсынан өтеді», — деді Үкімет басшысының орынбасары.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ақмолада 6 балабақша, 14 мектеп салынып жатыр

Ақмола облысында 85 мектептің жөндеу жұмыстарына облыс қазынасынан 8,6 млрд теңге бөлінді. Облыстағы білім ордаларының жай-күйі туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев айтып берді. Оның айтуынша,...

Су ресурстары бойынша білім алуға ниетті талапкерлер үшін білім гранты көбейеді

Су саласында сұранысқа ие пәндер бойынша жоғары білім алу үшін білім беру гранттарының санын ұлғаяды. Мұндай бастама Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға...

Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін 50 білім грантын бөлді

Түлек оқу бітірген соң Ұлттық банкке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасады. Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін...

Ел мектептеріне енгізілуі мүмкін экология бағытындағы оқулық әзірленіп жатыр

Елордада «Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балаларға қолайлы эко-жағдайлар жасау жөніндегі кешенді шаралар» жобасының іске асырылу барысы баяндалған баспасөз конференциясы өтті. Жиынға экологтар, қаланың...

Қазақстанда шахмат мектеп бағдарламасына енгізіледі

Қазақстанда шахматты дамыту жол картасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова айтты. «Біз 2016...