26.04.2024

Атырауда жолың болсын жас түлек атты рухани кездесу өтті

IMG_3315 (1)2014 жылы 20 мамыр ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы Атырау қаласындағы 600 ге тарта мектеп бітіруші түлектерді мамыр айының 19-шы жұлдызында сәт сапар тілеу мақсатымен мешітімізге шақырып «Жаратушыдан «Раббым, білімімді арттыра гөр» деп тілеп, дұға қылыңдар. Таза жолда жүрсеңдер білімдерің артады. Білім алудан, еңбек етуден шаршамай, еліміздің бетке ұстар азаматы мен азаматшалары болыңдар!» деп бата беріп сыйлық үлестіріп шығарып салған. Ал бүгін Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда үздік 150 оқушыға арналған «Жолың болсын жас түлек» атты кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты: Мектеп бітіруші жас түлектердің мамандық таңдауға және өмірге деген көзқарастарының байсалды және нақты болып қалыптасуын нығайту.
Аталған шараға Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Шохаев Еркінбек Керімбекұлы, Атырау облысы білім беру басқармасының бөлім басшысы Шамұрат Байжан Мұғалімұлы, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры директорының орынбасары Аташев Айбек Асқарбекұлы, теолог Алпысбаев Ерғали Орынқұлұлы және БАҚ-ның өкілдері қатысты.
Өткізілген шара соңы мерекелік концертке ұласты. Сондай-ақ түлектер тарапынан өз ризашылықтарын білдіріп, РТРК «Қазақстан-Атырау» телеарнасына сұхбат берді.

kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА