|  | 

Керекті кеңес

Білім министрі ЖОО ректорларын тағайындау тәртібінің өзгеруіне қатысты пікір білдірді

Білім министрі ректорларды конкурстық негізде тағайындау нәтижесінде қандай артықшылықтарға қол жеткізетінін айтты. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Білім министрі ЖОО-ның ректорларын тағайындау тәртібін өзгерту маңызды шешім екенін атап өтті.

“Достар, мемлекет басшысының Жарлығымен ұлттық ЖОО-ның ректорларын тағайындау тәртібі өзгерді. Меніңше, бұл маңызды шешім. 2008 жылдан бастап ұлттық жоғары оқу орындарының ректорлары ҚР президенті тағайындап келді. Бұл шешім сол кездегі ірі жоғары оқу орындарына басқару және академиялық дербестік беру қажеттілігінен туындаған болатын. “Назарбаев Университеті” ДББҰ жұмысының мысалында ұлттық университеттердің жұмысына Білім және ғылым министрлігі тікелей араласпауды көздеді. Мұндай саясат өз нәтижесін берді. Дегенмен, бәсекенің жоқтығы және “Президент тағайындауы” мәртебесі оқу орнының дамуына оң ықпалын тигізбейді. “, – деді Аймағамбетов.

Асхат Аймағамбетов өткен жылы Академиялық және басқару дербестігі туралы заңның қабылдануына байланысты барлық жоғары оқу орындары қосымша өкілеттікке қол жеткізгенін айтты.

“Сонымен қатар, өткен жылы Академиялық және басқару дербестігі туралы заңның қабылдануына байланысты барлық жоғары оқу орындары қосымша өкілеттіктер мен еркіндіккке қол жеткізді. Сол себепті мемлекет басшысы 2019 жылдан бастап ұлттық жоғары оқу орындарының ректорларын конкурстық негізде тағайындау туралы шешім қабылдады”, – деді ол.

Министр ректорларды конкурстық негізде тағайындау нәтижесінде қандай артықшылықтарға қол жеткізетінімізді атап көрсетті.

“Ректорларды конкурстық негізде тағайындау нәтижесінде қандай артықшылықтарға қол жеткіземіз?
Біріншіден, ашық конкурс. Бұл кезеңде ректор лауазымы кандидатурасы талаптарына сәйкес келетін кез келген адам конкурсқа қатысуға өтініш бере алады.
Екіншіден, айқындылық. Барлық кандидаттар тиісті ЖОО-ның Бақылау кеңесінде әңгімелесуден өтеді.
Үшіншіден, бағдарламалар сайысы мен бәсекелестік. Бұдан әрі, Білім және ғылым министрінің төрағалығымен республикалық комиссия үміткерлері ұсынып отырған «Жоғары оқу орындарын дамыту бағдарламалары» жобаларын қарастырады.
Төртіншіден, қоғам алдындағы жауапкершілік. Мемлекет басшысының тапсырмасы сөзсіз жүзеге асырылатын болады. Өз тарапымыздан, өткізілетін конкурстардың айқындылығы мен адалдығын қамтамасыз ету үшін бар күшімізді саламыз”, – деп түсіндірді білім министрі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Бірінші сынып оқушысы кездестіретін негізгі жағдайлар және оны қалай шешу керек?

    Бірінші сынып оқушысы кездестіретін негізгі жағдайлар және оны қалай шешу керек?

    Кез келген ата-ана үшін баласының бірінші сыныпқа баруы өте маңызды сәт. Сондықтан ата-ана балаға барлық керек-жарағын алып береді және оны психологиялық түрде мектепке дайындай бастайды. Алайда бала мектепке 100% дайын дегеннің өзінде, бірінші сынып оқушысы түрлі жағдайларға тап болады. Мұндай жағдайларда ата-ана балаға ұрыспай, оны ұялтпай, керісінше, қолдау көрсете білу керек. Үйді сағыну Балаңыз балабақшаға

  • Мұғалім, ізденіс һəм сабақ туралы бірер сөз

    Мұғалім, ізденіс һəм сабақ туралы бірер сөз

    1.Бауыржан Момышұлы соғыста жүріп күнделік жүргізген. Ол жазбалары 37 дəптерге жеткен.Бұл- Бауыржан соғыста жай жүрген жоқ анализ жасады, ойланды, толғанды деген сөз. Қан кешіп жүріп кітап диктовать етті. Содан Александр Бек “Волоколамское шоссені” жазды. Егер соғыста ізденуге, кітап оқуға болса, жайшылықта ізденуге, оқуға болады деген сөз. (Кітап оқуға уақыт жоқ, мүмкіндік жоқ дейтіндер үшін). Меніңше,

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog