|  | 

Ұлт діңі

ҚР Президенті: Мектепте домбыра үйрену сабағын енгізу қажет

Мектепте домбыра үйрену сабағын енгізу қажет. Бұл туралы бүгін  Ұлттық Домбыра күніне арналған мерекелік концертте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

“Бүгін міне барша халық болып, Ұлттық аспаптан шыққан күйдің құдіретін, қуатын сезіндік. “Сарыарқа”, “Балбырауын”, “Адай”, “Әлқиса” күйлері ұлттық рухымызды көтеретін таңғажайып туындылар. Домбыраның пернесінен шыққан күйде халқымыздың  терең тарихы бар. Біз атадан балаға аманат болған асыл мұрамызды сақтап, қадыр тұтуымыз қажет. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Нұрғисалар бастаған күйшілік дәстүрді еліміздің дарынды жастары жалғастырып келеді”,  деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президенті: Мектепте домбыра үйрену сабағын енгізу қажет

Қазақстан Президенті  Ұлттық Домбыра мерекесі жас ұрпақтың дәстүрлі өнерге деген құрметін арттыратындығын айрықша атап өтті.

“Бұл рухани жаңғыру жолының негізгі арқауы. Бүгінде ұлттық аспабымыз күллі әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналды. Бұл қазақтың қасиетті қара домбырасына берілген әділ баға. “Өнер ұлт келбеті” дейді дана халқымыз. Баршамызға ортақ құндылық домбыраны жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Домбыра аспабы қайталанбас асыл дүние. Сондықтан мектепте домбыра үйрену сабақтарын енгізу қажетті әрі дұрыс бастама. Себебі қазіргі жаппай жаһандану уақытында халқымызға тән бірегей құндылықтарды жаңғырта беруіміз керек”, – деді Мемлекет басшысы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні

    СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ –ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ   Құрметті отандастар! Құрметті депутаттар, үкімет мүшелері!   Баршаңызды жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтаймын! Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз. Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады. Осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз

  • Тоқаевтың Тамыз конференциясындағы мәлімдемелері

    Тоқаевтың Тамыз конференциясындағы мәлімдемелері

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Bіlіm jáne Ǵylym! атты Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзі жарияланды, – деп хабарлайды Қазбілім  Ақордаға сілтеме жасап. Президенттің сөйлеген сөзін толық беруді жөн санадық: Қадірлі ұстаздар! Құрметті әріптестер! Дәстүрге айналған Тамыз конференциясы – ұстаздар қауымы бас қосатын ауқымды әрі маңызды жиын. Әр адам қандай жетістікке жетсе де, білім берген ұстаздарын

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog