|  | 

Ұлт діңі

ҚР Президенті: Мектепте домбыра үйрену сабағын енгізу қажет

Мектепте домбыра үйрену сабағын енгізу қажет. Бұл туралы бүгін  Ұлттық Домбыра күніне арналған мерекелік концертте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Бүгін міне барша халық болып, Ұлттық аспаптан шыққан күйдің құдіретін, қуатын сезіндік. «Сарыарқа», «Балбырауын», «Адай», «Әлқиса» күйлері ұлттық рухымызды көтеретін таңғажайып туындылар. Домбыраның пернесінен шыққан күйде халқымыздың  терең тарихы бар. Біз атадан балаға аманат болған асыл мұрамызды сақтап, қадыр тұтуымыз қажет. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Нұрғисалар бастаған күйшілік дәстүрді еліміздің дарынды жастары жалғастырып келеді»,  деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президенті: Мектепте домбыра үйрену сабағын енгізу қажет

Қазақстан Президенті  Ұлттық Домбыра мерекесі жас ұрпақтың дәстүрлі өнерге деген құрметін арттыратындығын айрықша атап өтті.

«Бұл рухани жаңғыру жолының негізгі арқауы. Бүгінде ұлттық аспабымыз күллі әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналды. Бұл қазақтың қасиетті қара домбырасына берілген әділ баға. «Өнер ұлт келбеті» дейді дана халқымыз. Баршамызға ортақ құндылық домбыраны жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Домбыра аспабы қайталанбас асыл дүние. Сондықтан мектепте домбыра үйрену сабақтарын енгізу қажетті әрі дұрыс бастама. Себебі қазіргі жаппай жаһандану уақытында халқымызға тән бірегей құндылықтарды жаңғырта беруіміз керек», — деді Мемлекет басшысы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Елбасының «Абай аманаты» мақаласы жарияланды

    Елбасының «Абай аманаты» мақаласы жарияланды

    Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының ресми сайты Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласын жариялады. Адамзат өркениетінің тарихы сан мәрте дәлелдегендей, ұлы тұлғалар көбіне көненің күйреп, жаңаның бой көтеріп, қоғамның бір сападан екінші сапаға ауысар дәуірінде дүниеге келеді. Жаратушы өз мейірі түскен ерекше жанның бойына нұрлы сипат дарытып, замананың сан алуан факторлары оның қайталанбас

  • Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні

    ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ Құрметті отандастар! Құрметті Парламент палаталарының төрағалары, депутаттар, Үкімет мүшелері!   Парламенттің кезекті сессиясының жұмысы күрделі кезеңде басталып отыр. Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды. Індетпен күрес дана

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog