|  | 

Жаңалық

Атырау облысында 500-ге жуық мұғалім жетіспейді

Атырау облысының орыстілді мектептерінде 472 мұғалім жетіспейді. Бұл туралы әкімдікте өткен мәжілісте мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз осы мәселе бойынша жұмыс атқарып жатырмыз. Облыстың бірқатар оқу орындарын араладық. Биыл 174 жас маман келеді деп жоспарланып отыр»,- деді облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жансұлу Төремұратова.
Атырау облысында 500-ге жуық мұғалім жетіспейді

Өңір әкімі Нұрлан Ноғаев маман тапшылығы жағдайында Қазақстанның өзге облыстарынан тәжірибелі педагогтарды шақырту керектігін айтты.
Атырау облысында 500-ге жуық мұғалім жетіспейді

«Қажетті мамандарды өңірімізге шақырыңыздар. Біз оларға барлық жағдайды жасап, үймен қамтамасыз етуге дайынбыз. Бұл мектеп директорларына да қатысты. Конкурс жариялап, тәжірибелі маман қойыңдар. Ешкім сіздерге кедергі келтіріп, қарсы тұра алмайды»,- деп атап өтті аймақ басшысы.

Атырау облысы әкімінің айтуынша, маман іздеу жұмысын білім басқармасы ғана емес, барлық деңгейдегі әкімдер де жүзеге асыруы тиіс. Осындай жағдайда ғана мәселе өз шешімін табады. Ол сондай-ақ оқу орындарындағы жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтауды тапсырып, оқу процесіне кедергі жасамау керектігін айтты.

Жиында жазғы демалыс тақырыбы да қозғалды, Нұрлан Ноғаев оқу лагерлерін балаларға табиғи қолайлы жағдай жасалған жерлерде өткізуді жүктеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Педагог қазақ қыздары ауылға аттанды

    Педагог қазақ қыздары ауылға аттанды

    Алматыдағы Қазақтың Мемлекеттік әйелдер педагогика институтын жақында 71 қазақ қызы бітіріп шықты. Олардың көпшілігі алыстағы қазақ аудандарындағы орта мектептерге оқытушылық қызметіне аттанды. Бүгін газетімізде институтты тұңғыш рет бітіріп шыққан жас педагог қыздарға арналған материалдар және оқуды отлично бағамен аяқтағандардың пікірлерін беріп отырмыз. Жарқын өмірге жолдама Қазақтың мемлекеттік әйелдер институтын тұңғыш рет бітіріп, үлкен өмірге маңызды

  • Білім министрі баланы алты жасынан мектепке қабылдауға қатысты пікір білдірді

    Білім министрі баланы алты жасынан мектепке қабылдауға қатысты пікір білдірді

    ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балаларды 6 жасынан мектепке қабылдау тәртібіне қатысты түсінік берді, Бұдан бұрын хабарланғандай, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров балаларды 6 жастан мектепке қабылдауға қатысты министрге үндеу жолдаған еді. «Омбудсменнің үндеу хатына тоқталсақ, бұл ақпаратты жаңалықтардан оқыдым. Менің ойымша, біз бұл үндеуді ресми түрде қарастырып, белгіленген тәртіпте жауабын береміз. Өздеріңіз

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog