26 C
Нур-Султан
14.06.2021

Түркістан облысында мектеп бітірушілердің орташа балы 79,5-ті құрады

Түркістан облысында 2018-2019 оқу жылында 24061 оқушы 11 сыныпты бітіреді.
ҚР Білім және ғылым министрлігі мектеп бітіруші түлектердің іс-шарасын 12 маусымда мектеп қабырғасында өткізуді ұсынып отыр.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова мәлімдеді.

Оның деректеріне қарағанда, ҚР Білім және ғылым министрлігімен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес, ҰБТ 2019 жылдың 20 маусым — 5 шілде аралығында өткізіледі.

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеудін ерекшеліктері 2019 жылдан бастап ҰБТ жылына 4 мезгіл өткізіледі: қаңтар, наурыз (ақылы), маусым (ақысыз), тамыз (ақылы). Қаңтар, наурыз, тамыз тестілеу нәтижесімен — бітіруші ақылы түрде оқуға түсу мүмкіндігін алады.

Маусымдағы тест — мемлекеттік грант негізінде тегін оқуға түсуге мүмкіндік береді. Жалпы ҰБТ тапсыру ережесінде өзгерістер жоқ. ҰБТ-ға құжаттар қабылдау ағымдағы жылғы 1 сәуірде басталған 10 мамырда аяқталады.

«Түркістан облысында 15 ҰБТ өткізу пункттері бар. Олардың 1-уі жоғары оқу орынының базасында, 2-уі колледждер базасында, 12-сі орта мектептердің базасында. 2019 жылдың қаңтар айында алғаш рет ақылы түрде 5206 бітіруші тест тапсырды, тест қорытындысы бойынша облыстың орта балы 58,3-ті құрады. Наурыз айында 14375 түлек ақылы тестке өтініш беріп, 14 208-і тестке қатысты. Орта бал — 79,5-ті құрады», — деді Ардақ Мәдіханқызы.

Сонымен қатар, 11-сынып бітірушілеріне мектептерге енгізілген «BILIMLEND» электронды платформасындағы «Іtest» жүйесінде ҰБТ-ға тегін дайындалуға және Ұлттық тестілеу орталығының сайтында ақылы түрде байқау тестін тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.

Сонымен қатар, облыста «EDTECH-KZ» халықаралық білім орталығының «KASIP TEST» жеке тұлғаның кәсіби диагностикасының автоматтандырылған жүйесі арқылы мектеп бітірушілерге онлайн түрде кәсіби диагностикалау жүргізілді. Кәсіби диагностикаға 24183 11-сынып оқушыларының 21542-і қатысты.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Орыс әдебиетінің орнын әлем әдебиеті алмастыруы керек!

Әлқисса Әдебиет – адам санасының биік көкжиегінің бірі. Ол әлемдегі ең қуатты идеологиялық қарудың бірі болған, бола бермек те. Әдебиетті өзінің дегенімен жүргізу арқылы бір...

Магистратура мен бакалаврдың арасын кемінде екі жылға ашу керек!

Бүгінде магистратураны ғылым іздеп емес, өзге мақсатта оқитындар көбейді. Жаппай айыптаудан аулақпын, бірақ айтпасақ болмайды. Бүгінгі жұрт магистратураға не үшін түседі? Бірінші, бакалавр бітіре салып, жұмыс...

«Осы ұпай маған жетеді» деген ойдан аулақ болыңыз

Сонымен, жас түлек 2021, ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігін сәтті тапсырып шыққан болсаңыз, "осы ұпай маған жетеді" деген ойдан аулақ болыңыз. Өйткені екінші мүмкіндікті пайдаланып неге...

Сенат депутаты Байқоңырдағы мектеп мәселесін көтерді

Биыл Байқоңыр қаласы мен Төретам елді мекенін дамытуға 2,1 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Қаржы министрі Ербол Қарашөкеев айтты. 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының...

Грант конкурсына қатысқанда нені ескеру керек?

Грант конкурсына қатысатын ҰБТ аяқталуына 20 күн қалды. Көпшілік бөлігі екі мүмкіндігін тапсырып та үлгерді. Енді барлығының ойландыратын сұрақ грантқа қалай түсемін? Конкурс жазатын кезде...