|  | 

Жаңалық

Ағылшын тіліндегі пән оқушыларға тек 10-11 сыныпта оқытылады

Мектепте оқушыларға ағылшын тілінде пәндер тек 10 және 11 сыныпта, баланың тілдік қабілеті жеткілікті болған және мектеп дайын болған жағдайда, мектептің шешімімен ғана берілетін болады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мәлім етті.

Үштілділікке байланысты: ең бірінші мәселе – қазақ тілін оқыту мәселесі. Екінші орыс тілі, ағылшын тілі мәселелері. Яғни тілдерді оқыту бұл деңгейге байланысты төрт дағдыны дамытуға бағытталады. Олар – тыңдау, айту, сөйлеу және жазу дағдылары. Сондықтан ағылшын тілінде балаларға пәнді беру тек 10 және 11 сыныпта, баланың тілдік қабілеті жеткілікті болған жағдайда және мектеп дайын болған жағдайда, мектептің шешімімен ғана жүретін болады. Қазіргі таңда 153 мектепте ұйымдастырылған ағылшын тілінде оқытуға біз мониторинг өткізіп отырмыз. Осы мониторингтің нәтижесінде дамытуға болатын сұрақтар және осы нәрсені дамытуға кедергі келтіретін мәселелер анықталып, болашақта мектептерге көмек ретінде берілетін болады», – дейді министр.

Еске сала кетсек, Күләш Шәмшидинова мектепте төрт пәнді ағылшын тілінде оқыту мәселесін бұған дейін де түсіндірген болатын.

«Бүгінде барлық адамдарды ойландырып жүрген маңызды бір мәселе ол – xимия, физика, информатика мен биология пәндерін жоғары сыныпты ағылшын тілінде оқыту. Осыған байланысты қазір ағылшынша сабақ беруге асықпай көшу туралы шешім қабылданып отыр. Республика бойынша 150-ден артық мектеп ол бағдарламаға көшкен. Біз қазір бұларды зерделеп, қарап отырмыз. Оқушылар неден қиналып отыр? Ұстаздар қандай қиындық көріп жатыр? Біз оларға қалай көмектесеміз? Соны жан-жақты зерделеп жатырмыз. Сондықтан ұстаз бен мектеп дайын болған кезде, өздеріңізбен келісе отырып, біртіндеп ағылшын тілінде оқытуды енгізе бастаймыз. Асықпаймыз, ешкім қуып келе жатқан жоқ», – деген еді К.Шәмшидинова бүгін Астанадағы көпбалалы аналармен болған кездесуде.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Асқар Мамин балалардың жазғы демалысы бойынша жол картасын әзірлеуді тапсырды

    Асқар Мамин балалардың жазғы демалысы бойынша жол картасын әзірлеуді тапсырды

    Үкімет басшысы Асқар Мамин Білім және ғылым министрлігіне балалардың жазғы демалысын жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін тиісті жол картасын әзірлеуді жүктеді. «Балалардың демалысын ұйымдастыру – маңызды мәселе. Ол әрбірімізге қатысты. Қарағанды, Алматы, Павлодар облыстарында балалардың демалысы жоғары деңгейде жоспарланған. Бұр жерлерде балалардың демалысын ұйымдастыру мәселесі толығымен шешілген. Аталмыш жұмысқа тиісті деңгейде көңіл бөлмеген өңірлер де бар.

  • Бір футболшы неше мұғалімнің айлығын алады?

    Бір футболшы неше мұғалімнің айлығын алады?

    Қазақстанның Футбол Федерациясы әр жылдың соңында футболшылардың жылдық есебін жария етіп тұрады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 2018 жылғы орта есепке сүйенетін болсақ, Қазақстан футболшылары АПЛ ойындарынан 148 мың АҚШ долларын, яғни сол уақыттағы бағаммен 55 млн теңге алып отырған. Бұл – жалпы топтың айлығы. Адам басына шаққанда әрқайсысы шамамен кемінде 3 млн 500 мың теңгеден алды.

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog