27.04.2024

Helen Boyd. Оқушымен тіл табысудың 6 жолы.

Мұғалім оқушының қабілеттерін қалай аша алады? Ең басты шарттардың бірі — ол ұстаз бен оқушы арасындағы тығыз қарым-қатынас.

Мұндағы мәселе балаға ақыл үйретуде емес, әр баланың шынайы болмысы мен оның ерекше екендігін қабылдап, оны әрдайым тыңдай білуде.
Оқушыларыңызды қалай тани аласыз?

  1. Сыныптан шығыңыз.

Балалармен диалог құрған кезде сыныппен ғана шектеліп қалмаңыз. Оқушылардың сыныптың сыртында да өздеріне тән әлемдері бар екенін ұмытпаңыз. Мектептің ішін аралап, дәлізде оқушылармен әңгіме-дүкен құрыңыз. Сабағыңызға келетін оқушыларды дәлізден бастап жылы лебізбен қарсы алуды әдетке айналдырыңыз. Сол кезде оқушылар сіздің сабағыңызға асығатын болады.

  1. Үйірмелер немесе клубтар ұйымдастырыңыз.

Оқушы танудың тағы бір жолы — сабақтан тыс іс-шараларда бірге болу. Футбол, волейбол, үстел теннисін бірге ойнаңыз. Спорттық шаралар болмаса да жаңа қызықты клубтар ашуға болады. Ол үшін де оқушылардың пікірін тыңдап көріңіз. Егер, аз да болса қиялдап көрсеңіз, сыныбыңыздың көп функциялы бола алатынына көзіңіз жетеді. Мысалы, сынып ішінде кітап оқу клубын ұйымдастыруға болады.

 

  1. Оқушыларыңызды басқа қырынан таныңыз.

Бұның ең оңай жолы — мектеп қабырғасынан тыс іс-шараларынан қалмау. Доп тепкен оқушыңызға жанкүйер болғаныңызды көргенде, оның қуанышы көкке көтеріледі. Сіздің ыстық ықыласыңызды сезінгенде, сахнада тұрған оқушыңыз бар өнерін ортаға салады. Оқушыңыздың басқа да жаңа қырларымен танысып, сол жайлы онымен ой бөліскеніңіз — қарым-қатынасты нығайтудың өте маңызды жолдарының бірі.

  1. Іс-әрекеттерін түсініп, ой-пікірлерін құрметтеңіз.

Оқушылардың да жеке кеңістіктеріне құқықтары бар. Оны бұзбауға және барынша құрметпен қарауға тырысу қажет. Егер оқушы жұмыс дәптеріне қарағаныңызды қаламаса, сабырлы болыңыз. Қандай жұмыспен шұғылданып жатқанын сыпайы түрде сұраңыз, тіпті қарау үшін рұқсат алыңыз.

5. Әрқашан да жақсылығын асырыңыз.

Қоғамнан алшақ қалған оқушылардың көңілін қалай аулауға болады. Мынадай жолды көріңіз. Бір мұғалім оқу жылы арасында өзінше бір тізім жазады екен. Ол тізімді жаңағы мектептің тынысына ілесе алмаған оқушылар құрайды. Сырттай бақылап жүріп, жағымды әрекеттерін дәптеріне түртіп жүреді. Кейін соның бәрін қағаз бетіне түсіріп поштамен ата-аналарына жібереді екен. Ертесіне күлімсіреген оқушы ұстазына келіп, ‘’Рақмет сізге, анам бүгін мені ерекше мақтады’’ деген екен. Тіптен, кей ата-аналар ол хатты тоңазытқышқа жабыстырып, сақтап қойған кездер де болған.

  1. Ең маңыздысы, шынайы болыңыз.

Оқушылар жасандылықты бірден сезеді. Ұстаздыққа, оқушыларға деген сүйіспеншілігіңізді барынша оларға сездіру қажет. Бұл — тек шынайылықпен іске асатын дүние.

Helen Boyd

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА