9 C
Нур-Султан
24.06.2021

Қали Сәрсенбай: Ұлт болашағына қызмет етудің көзі — білім

Алматы қалалық мәслихаттың депутаты, белгілі журналист, «Алматы ақшамы» басылымының бас редакторы Қали Сәрсенбай «Nur Otan» партиясының Алматы бөлімшесінде жастармен кездесті.

Биыл жастар жылы  деп жарияланғаны тегін емес. Ел болашағы —  жастар. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үнемі жастарға қолдау көрсетіп келеді.. Сондай-ақ жауапкершілікті  жаңа буынға сеніп тапсыруы үлкен істің, өнегенің  басы болғаны да рас. Бұл жастарға үлкен сенім арту,- деп бастады жүздесуді Қали Сәрсенбай.

«Алаш ардақтылары — Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Әлихан Бөкейхановтар кезінде бір-біріне қамқор болған. Әлихандар 30-ға жетпей, Тұрар Рысқұловтар 19 жасында «атқа міне» бастаған», — деді Қали Сәрсенбай.

Оның айтуынша, жастар ұлт болашағына қызмет етуге мүмкіндік беретін білім алуы керек. Ол үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатыр.

«Елбасы өзінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасында да бұған кеңінен тоқталып өткен. Барлығы өз негізін кешегі ұлыларымыз айтқан тамырдан алады. Қазіргі бағдарламамыз, бағытымыз осы. «Болашақ» бағдарламасымен шет елдерде қаншама кадрлар дайындалды. Қазір сол оқып келген студенттер сан салада жұмысқа кіріп жатыр. Ертеректе Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақ» бағдарламасымен оқып жатқан жастарға арнап хат жазған да болатын. Онда жастардың  міндеті —  жоғары білім алып, ал алған білімін  елді дамытуға, Қазақстанды әлемге танытуға жаратуы тиіс екендігін атап өткен еді. Сондай-ақ «Nur Otan» партиясының  бір қанаты — Жас Отан. Ол мына отырған сіздер. Ендеше алған тәрбие, білім, ертең өз ұлтыңа мәңгілік қызмет етуі тиіс. Осы бағытта жұмыс істеу керек», — деді Қ.Сәрсенбай.

Жиынға келген жастар қоғам қайраткеріне ғылым мен білім, журналистика, қоғам саласында алаңдатып жүрген сұрақтарын қойды.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Үздік студенттер ұлықталды

Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында «ТӘУЕЛСІЗДІК – АЛТЫН ТҰҒЫРЫМЫЗ» атты республикалық конференция өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараны «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық...

Мектептердегі қауіпсіздік жүйесіне қатысты кемшіліктер жыл соңына дейін жойылады

Еліміздің білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйесіне қатысты кемшіліктер жыл соңына дейін жойылады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Ішкі істер министрі Ерлан...

Мектеп құлап, алты адам қаза тапты

Бельгияның Антверпен қаласында салынып жатқан мектеп құлап, алты адам мерт болды, олардың бесеуі шетелдіктер. Бұл туралы The Brussels Times газеті хабарлады деп жазды Қазақпарат...

Магистратура мен докторантураға түсу ережелері жарияланды

Білім және ғылым министрлігі магистратура мен докторантураға түсу ережелерін жариялады. Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ)...

Той кемімей, ой көбеймейді

Мұхтар Әуезов «Байлығыңмен емес, біліміңмен жарыс» дейді. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Нұр-Сұлтан қаласындағы №90 мектеп-гимназия­сының директоры, химия ғылымдарының PhD докторанты Аятжан АХМЕТЖАНҰЛЫ – қазақ қашан...