27.04.2024

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында Республикалық «QAZBILIM» олимпиадасы өтіп жатыр

Бүгін республикалық Қазбілім орталығының  Нұр-сұлтан және Алматы қалаларындағы бөлімшелерінде республикалық «QAZBILIM» олимпиадасы өтіп жатыр.

Қазақ баласына мүмкіндік сыйлауды басты мақсат еткен орталық үш жылдан бері QAZBILIM жылдық грантын беріп келеді. Ол мектепте жақсы оқитын, бірақ отбасы жағдайы ақылы дайындықты көтермейтін балаларға мүмкіндік сыйлау.

Алдағы оқу жылына дәл осы үрдісті дамыту, сапалы білімді ТЕГІН беру мақсатында, Республикалық «QAZBILIM» олимпиадасын ұйымдастырған орталықта бүгін, жеті жүзден астам оқушы өз бақтарын сынап жатыр.

4-5 сынып оқушылары үшін Назарбаев мектебіне түсуге және 10 сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындық оқу грантына жарияланған олимпиаданың нәтижесінде 60 оқушыға жылдық «QAZBILIM» гранты беріледі деп жоспарлануда.

Ұйымдастырушылардың айтуынша олимпиадаға қатысу тегін. Грант саны қатысатын оқушылар санына байланысты өзгеруі де мүмкін. Олимпиада нәтижесі 5 мамыр күні www.qazbilim.kz  сайтында жарияланатын болады.

 

 

 

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА