2 C
Нур-Султан
13.04.2021

Семейлік оқушы Ресейден жүлдемен оралды

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында химия пәнінен 53-ші халықаралық Менделеев олимпиадасынан семейлік оқушы жүлдемен оралды.

Олимпиадаға әлемнің 30 елінен жас химиктер командалары келіп, өз елдерінің  намысын қорғады.

Қазақстан намысын республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ оқу-жаттығу жиындарында бірнеше рет дайындықтан өткен 8 оқушы қорғады.

Солардың бірі Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Рүстем Шердебаев. Жарыста ол жақсы нәтиже көрсетіп, қола медаль жеңіп алды.

«Ресейдегі білім бәйгесі мен үшін үлкен тәжірибе болды. Олимпиада екі кезеңге бөлінген, әрқайсы 5 сағаттан тұрды. Біз бұл олимпиадада теориялық және тәжірибелік күрделі жаттығуларды орындадық. Жүлдегерлер қатарынан көрініп, еліміздің атын шығаруға қосқан азды-көпті үлес үшін мақтанамын. Химия пәнін терең түсінуге өз білгендерін аямай жанын салып жүрген ұстаздарыма үлкен алғысымды айтамын»  -дейді Рүстем.

Жалпы Рүстем бұған дейін Ақтөбе қаласында өткен республикалық олимпиадаға қатысып, 2 -орын алған. Бұдан бөлек өткен жылы А.Бектұров атындағы ІV Халықаралық химия олимпиадасында  ІІІ орынға ие болған. Ал 2013 жылы  «Тарих» пәнінен URFODU ғылым негіздері бойынша IX Халықаралық олимпиадада  II дәрежелі дипломмен марапатталған.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

А. Аймағамбетов еліміздің ғалымдарын Ғылым күнімен құттықтады

Бүгін – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні. Күнтізбедегі бұл дата кездейсоқ таңдалмағаны белгілі. 12 сәуір – Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген...

Асхат Аймағамбетов ұстаздарға үндеу жолдады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингіде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты мұғалімдерге үндеу жасады. «Денсаулық сақтау министрлігінің берген ақпаратына сәйкес, қазіргі...

ҰБТ-ның форматы емес, тек оны өткізу процедурасы ғана өзгерді – А. Аймағамбетов

Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгермеді. Тек оны өткізу процедурасы ғана өзгеріп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым...

Қазақстандық жасөспірімдердің мансаптық таңдаулары

PISA-2018 сауалнамасында 15 жастағы жасөспірімдер өздерін 30 жаста қандай маман ретінде көретіндерін атап өтті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мәліметтерге...

Грант ұтып алу үшін талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады

Мемлекеттік білім грантын ұтып алуға ниеттенген үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыра алады. Мәселен, егер талапкер сәуір айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны...