|  | 

Жаңалық

«Назарбаев Зияткерлік мектептеріне» жаңа басқарма төрайымы тағайындалды

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесінің шешімімен Светлана Испусинова Басқарма төрайымы болып тағайындалды.

Светлана Бағытқызы Испусинова Зияткерлік мектептер жүйесінде 2009 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол адами ресурстарды басқару департаментінің директоры, атқарушы директор лауазымдарында тер төгіп, 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап – Басқарма Төрайымының орынбасары қызметін атқарып келеді.

Светлана Багытқызының барлық кәсіби біліктілігі отандық білім беру жүйесіне арналған. 1978 жылы Гурьев педагогикалық университетін «тарих және қоғамтану» пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмәмдаған. Тарих, мемлекет негізі мен құқығы пәндерінің мұғалімі, сыныптан және мектептен тыс іс-шараларды ұйымдастырушы, Атырау және Тараз қалаларында мектеп директоры қызметтерін атқарған.

1999 – 2002 жылдары Атырау облысы білім басқармасының басшысы, 2003 -2007 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде бөлім басшысы, Мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры, 2007 – 2008 жылдары «СИТ» АҚ Инновациялық технологиялар департаментінің директоры, «Kazsatnet» АҚ Пайдалану департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2000 жылы «Қазақстан Республикасы білім саласының үздігі» төсбелгісімен, 2001 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен, 2004 жылы «Қазақстан Республикасы білім берудің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, 2005 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің құрмет грамотасымен, 2015 жылы «Қазақстан Конститутциясына 20 жыл» медалімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Балабақшаларға деген қажеттілік МЖӘ арқылы шешіліп жатыр – вице-министр

    Балабақшаларға деген қажеттілік МЖӘ арқылы шешіліп жатыр – вице-министр

    Елімізде биылғы жылдың алғашқы 6 айында 565 мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы келісім жасалды, олардың басым бөлігі білім беру саласында. Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз мәжілісінде ҚР ұлттық экономика министрінің орынбасары Мәди Тәкиев мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы төрт жылда республикада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқасында мектепке дейін мекемелерге (балабақша) деген шұғыл қажеттілік мәселесі шешілген. «1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 1,29

  • Педагог қазақ қыздары ауылға аттанды

    Педагог қазақ қыздары ауылға аттанды

    Алматыдағы Қазақтың Мемлекеттік әйелдер педагогика институтын жақында 71 қазақ қызы бітіріп шықты. Олардың көпшілігі алыстағы қазақ аудандарындағы орта мектептерге оқытушылық қызметіне аттанды. Бүгін газетімізде институтты тұңғыш рет бітіріп шыққан жас педагог қыздарға арналған материалдар және оқуды отлично бағамен аяқтағандардың пікірлерін беріп отырмыз. Жарқын өмірге жолдама Қазақтың мемлекеттік әйелдер институтын тұңғыш рет бітіріп, үлкен өмірге маңызды

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog