|  | 

Ұрпақ тәрбиесі

Балаңыздың БАҚЫТТЫ және ДЕНІ САУ болғанын қалайсыз ба? Онда…

Балалардың жай-күйіне, жан-дүниесіне үңілмеген ата-аналарды кінәламас бұрын, қазіргі қоғамда болып жатқан жағдайға тоқталайықшы. Дұрыс, бала өмірге келген соң, олардың өміріне, денсаулығына, тәрбиесіне жауапты екендігімізді сезінеміз. Үлкендерде бар проблема балаларда болмайды деп ойлаймыз. Бірақ, шындығында солай ма?

Балаларға барлық мүмкіндіктерді беретін ата-аналар. Десек те, балалардың қалай өсіп жатқандығына назар аудару да қажет.

Балалардың проблемалары үйде басталып, сол жерде шешілуі мүмкін. Сондықтан, біз ата-аналар, әлі де кеш емес, баланың жанына үңілуіміз қажет, тәрбиесіне де шындап араласуымыз керек.

Алайда «қазіргі балалардың көпшілігі шынайы балалық шағынан айырылған, олар қорқынышты эмоционалдық күйде» деп жазады кәсіби терапевт Виктория Прудей. Біз мұны қалайда мойындауымыз керек және көптеген жағдайларда біз, ата-аналар өз балаларымызға көмектесуіміз керек!

Балаларда көп кездесетін проблемалар қандай?

Анықтауға тырысайық. Барлығы емес әрине, дегенмен, ата-анасы ажырасқан немесе оның бірінен айырылған балалардың жағдайы түсінікті.

Олардың жүректерінде сағыныш, өкініш қалып қояды. Толыққанды отбасында өсіп жатқан балалардың өзінде барлығы бірдей жеткілікті дей алмаспыз. Мүмкін, оларда материалдық тапшылық болмағанымен, ата-ананың мейіріміне мұқтаж шығар.

Қалағанына ата-анасының арқасында оңай қол жеткізе алғанымен, олардың (әсіресе анасының) жанында ұзақ уақыт болғанын, өзіне көңіл бөлгенін қалайтын балалар көптеп кездесетіні де жасырын емес. Ата-ананың көпшілігі тұрмыс қамытын кигеннен балаларымды заманға сай тәрбиелеп жатырмын деп ойлауы мүмкін.

Өмір салты: ата-анасы күн ұзақ жұмыс істейді. Балалар бос уақыттарында түрлі үйірмелерге барады, айналысатын істері болады. Әрине, мұндай мүмкіндікті барлық ата-ана бірдей жасап бере алмайды. Сондықтан, бала бос уақытын үйде өткузге мәжбүр. Ата-ана баланы ынталандырып, көңілін табуға тырысады, уәде еткеніндей телефон, планшеттер сатып алып береді. Мен балам үшін барлығын жасап бердім деп ойлайтын ата-ана осы жерде қателесетінін де ұмытпауы тиіс. Адам табиғатын алдау мүмкін емес. Мұның салдары өкінішке апарып соғуы да мүмкін. Балалар қалыпты балалық шақтан айырылп қалу қаупі де төніп тұр. Жан-жағымызда үрей. Баланы асыр салып ойнаудан да шектейміз, өйткені, ата-ананың қорқынышы да орынды. Баланың жанында ересек адам, оның үстіне, жанашыр жақын жан болмаса да сыртқа шығаруға қорқады үлкендер. Сондықтан, эмоционалдық жайлылықты ата-ана да, бала да сезінбейді.

Не істеу керек?
Егер біз балаларымыздың бақытты және дені сау болып өскенін қаласақ, негізгі факторға оралуымыз керек. Әлі де кеш емес!

Ата-аналар не істеу керек:
1. Шектеуді де орнымен қолданыңыз және сіз баланың ата-анасы ғана емес, оның досы бола біліңіз. Балаларыңызға өзі қалайтын нәрсені емес, қажет нәрселермен қамтамасыз етіңіз. Егер олардың қалауы қажеттіліктеріне байланысты болмаса, бас тартудан қорықпаңыз.
2. Дұрыс тамақтануын қадағалаңыз, сонымен қатар, аптасына сенбі-жексенбі күндерін балаңызбен бірге табиғатта бір сағатыңызды өткізуді әдетке айналдырыңыз.
3. Күнделікті электроникасыз отбасылық кешкі ас ұйымдастырыңыз. Баламен бірге үстел ойындарын ойнаңыз.
4. Күн сайын баланы жұмысқа тартыңыз (үй жинау, ойыншықтарды жинау, киімдерін ілу, ретке келтіру, сөмкелерді бөлшектеу, үстел үстін сәндеу және т.б.).
5. Баланың ұйқыға жату уақытын белгілеңіз, төсекке гаджеттерді алып жатуына жол бермеңіз.
6. Балаларды жауапкершілік пен тәуелсіздікке үйретіңіз. Оларды ұсақ сәтсіздіктерден де орынсыз тыймаңыз, бұл оларды өмірлік кедергілерді жеңуге үйретеді.
7. Баланың шашқан заттарын жинамаңыз, өзін үйретіңіз. Сонда орынсыз шашудан тыйылады. Олардың бәрін өз бетінше жасауға үйретіңіз.
8. Шыдамдылыққа үйретіңіз және балада өзінің шығармашылық серпілісін көрсетуге мүмкіндік болу үшін уақытты еркін өткізуге мүмкіндік беріңіз.
9. Эмоционалдық қол жетімді болыңыз, балаларды әлеуметтік дағдыларға үйретіңіз.
10. Баламен сөйлесіп тұрғанда телефонға алаңдамаңыз.
11. Баланы ашуландырмауға тырысыңыз және ашуды ауыздықтай білуге үйретіңіз.
12. Үлкендерге жол беруге, сырымен бөлісуге, сезімдерін сезінуге, дастархан басында және әңгімелесу кезінде өзін дұрыс ұстауға үйретіңіз.
13. Эмоционалдық байланысты сақтаңыз, баламен бірге күліңіз, сүйіңіз, баламен бірге кітап оқыңыз, билеңіз, секіріңіз және онымен бірге еңбектеңіз!

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Қиын балаларды қатарға қосу қиын ба?

    Қиын балаларды қатарға қосу қиын ба?

    Қазақ қашанда саналы ұрпақ тәрбиелеуді назардан тыс қалдырған емес. Ал қазіргідей жария қоғамда бала тәрбиесі бұрынғыдан бетер алаңдатады. «Қиын бала» ұғымы педагог-психологтар арасында өткен ғасырларда-ақ кең тарады. Осы тақырып төңі­ре­гін­де көпте­ген еңбектер жарық көр­ді. Соның бірі – ағылшын пси­хиатры Стэнли Турецкийдің (Stanley Turecki) «Қиын бала» кітабы. Аталған еңбе­гінде автор алдымен «Сізде қиын бала бар ма?»

  • Балаларға қандай сыйлық ұсынған дұрыс?

    Балаларға қандай сыйлық ұсынған дұрыс?

    Балаға ұдайы түрлі сыйлықтар жасап тұрған дұрыс. Бірақ сыйлықты талғаммен және  кез келген баланың жас шамасын ескере отырып таңдағаныңыз абзал. Бүгін біз ғалымдардың зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып балаларға қандай сыйлықтар ұсыну керектігі жайлы аз сөз қозғамақпыз. Ойыншық – баланың рухани азығы. Ойыншықтарды олардың танымдық және тәрбиелік рөлін ескере отырып таңдайды. Бірақ өте қымбат ойыншықтар мен өте

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog