26.04.2024

Павлодар облысының оқушылары ғаламшарды зерттейтін робот жасады

Павлодар облысының оқушылары «Жұлдыздар бізге сәуле шашады» атты жас астрономдар форумында ғарышты игеруге арналған ғажайып жобаларын көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агентігі.

Павлодар облыстық Білім басқармасының хабарлауынша, биылғы төртінші форумға дарынды 45 оқушы қатысты.

Екібастұздағы мамандандырылған «Зерде» мектебінің оқушылары Диана Каримова мен Зарина Мейрашева таңдаған «Кардиостимуляторды модельдеу» атты күрделі тақырып көпшілікті таңғалдырды.

«Майқайың кентінен келген Камила Серікова мен Айым Уахиттың жұмысы ерекше қызығушылық тудырды. Жас дарындар Жер тобындағы ғаламшарлардың бетін бұрғылауға мүмкіндік беретін роботты жасап шықты. Ал Майқайың мектебінің оқушысы Айқанат Бағынбаевтың жұмысында тәжірибе жүргізу арқылы алынған фактілері қызықты болды», — дейді Білім басқармасының өкілдері.

Форум қатысушыларының жобаларын қазылар алқасы бағалап отырды. Нәтижесінде, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Қуаныш Сәрсекеев пен Алина Пархомчуктың, сондай-ақ Ақсу гимназиясының оқушысы Аймира Оспанованың космонавтиканың соны әдістерімен байланысты жұмыстары үздік деп танылды.

«Ғарышты зерттеу — Қазақстан ғылымының перспективалы бағыттарының бірі. Бүгінгі оқушыларда Ғалам мен ғарышты зерттеуге барлық мүмкіндік бар. Олар Оқушылар сарайында ашылған обсерваториядағы заманауи қондырғы арқылы жұлдыздар мен ғаламшарларды зерттей алады», — деді ведомстводан. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА