07.05.2024

Тест жауаптарын сатып алмақ болған студенттер оқудан қуылды

Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университетінің бірқатар студенттері академиялық әділдік қағидаттарын бұзғаны үшін оқудан қуылды, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.

Студенттер тест сауалдарының дұрыс жауаптарын сатып алмақ болған.

«Академиялық адалдық қағидаттары студенттердің ар-ұят кодексінде толық көрсетілген. Бұл — оқыту бағдарламалары, білім деңгейін бағалау жүйесі, емтихандарға қойылатын талаптар және мінез-құлық ережесі. Академиялық адалдық қосымшасында ереже бұзғандарға тағайындалатын жаза мен тәртіптік шаралар көрсетілген», — деді баспасөз қызметінен.

Бұл құқықбұзушылықтар биылғы оқу жылының күзгі семестрінде, қысқы емтихан сессиясы кезінде  анықталған.

«Стоматология және жалпы медицина факультетінің 9 студенті ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жасуша биологиясы, биофизика сабақтарынан тест жауаптарын сатып алу үшін ақша жинауға белсенді қатысқан», — деді ЖОО баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, ҚазҰМУ қауіпсіздік бөлімі аталмыш деректер бойынша егжей-тегжейлі тексеру жұмыстарын жүргізген.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА