|  | 

Жаңалық

ҰБТ-ға дайындайтын орталықтардың жұмысына талдау жүргізіледі

“Астана – адалдық алаңы” жобалық кеңсесі мектеп пен колледж түлектерін тестілеуге дайындайтын орталықтардың жұмысын талдайды”. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Данияр Сабырбаев мәлімдеді.

“Астана – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің білім беру бағыты аясында жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға, колледж түлектерін – кешенді тестілеуге дайындау процесіндегі жемқорлықтың алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Өткен жылы ҚР колледждеріндегі мемлекеттік грантты бөлу сапасы туралы толассыз ақпарат келіп түсті”, – деді Данияр Сабырбаев Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Д. Сабырбаев ҚР Білім және ғылым министрлігінің биыл талапкерлердің колледжге түсуі мен гранттарды бөлу форматын өзгерту қажеттігін айтты.

“Өйткені бізге көптеген сұрақтар қойылады және министрлік біздің сөзімізді мақұлдап отыр. Биыл колледждерге түсу тәртібі түбегейлі өзгереді деп үміттенеміз. ҰБТ бойынша да шешілмеген мәселелер бар. Осыған байланысты жобалық кеңсе жоғары сынып оқушыларын тестілеуге дайындайтын “Достық”, “Лидер” орталықтарының жұмысына талдау жүргізеді. Бұл орталықтарда дайындалған түлектердің тестілеуде жоғары балл жинауы сәйкестік пе, соны мұқият тексеру қажет”, – деді ол.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • 63 мыңнан астам оқушы жаңа бағдарлама бойынша оқиды

    63 мыңнан астам оқушы жаңа бағдарлама бойынша оқиды

    Жаңа оқу жылында Алматыда 4,9,10 сыныптардың 63 мыңнан астам оқушысы жаңа бағдарлама бойынша оқиды. Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасының бастығы Гүлнәр Қожабергенова айтты. «Қалада жалпы білім беретін 204 мемлекеттік, 55 жеке меншік мектеп бар. Онда 257 мыңнан астам оқушы оқиды. Орта білім саласында негізгі әдістер анықталған. Қазіргі уақытта Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесі таратылуда. Жаңа

  • 1 қыркүйекте сабақ болмайды – Білім министрі

    1 қыркүйекте сабақ болмайды – Білім министрі

    1 қыркүйек – Білім күнінде еліміздің барлық мектептерінде салтанатты сап түзеу шарасы өткізіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Өткен жылы да сенбіге тура келген болатын. Осы тұста өте көп пікірталас бар. 1 қыркүйекте сабақ болмайды. Тек салтанатты сап түзеу шарасы

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog