13 C
Нур-Султан
06.10.2022

Педагогтың құқықтары мен міндеттерін заң жүзінде бекіту маңызды

Қостанай қаласындағы №1 мектеп-лицейінің директоры Сәния Шәріпова педагогтың ерекше мәртебесі, оның құқықтары мен міндеттерін бекіту қажеттілігі туралы пікірін білдірді.

Көп жылдық еңбек өтілі бар педагогтың атап өтуінше, талқыланып отырған заң жобасы — барлық мұғалімдер қауымы үшін көптен күткен оқиға. «Бұл қаншама рет талқыланып, көп ұсыныстар жасалған мәселе. Салыстыра тексерілген, жан-жақты пысықталған қазіргі заң жобасы білім және еңбек кодексі туралы заң негіздерін жинақтады. Ол көбіне жас мұғалімдерге жолданған. Ондағы позитивті сәттердің бірі — әскерге шақырылу мерзімін ұзарту. Мұғалім болып көбіне әйел адамдар қызмет ететіні құпия емес, бұл салада жас ер азамат мамандар аз. Өзіміз де осындай жағдайға тап болғанбыз. Мектебімізге жас маман психолог болып жұмысқа орналасты. Бір жыл қызмет етіп, оқушылармен де, ата-аналарымен де жақсы байланыс орнатып үлгерді. Жұмысының жақсы нәтижелерін көрсете бастағанда, әскер қатарына шақыртылды. Заң жобасына әскерге шақыру мерзімін ұзарту бойынша енгізілген жаңалықтар жас мамандарға өз әлеуетін іске асыру мұмкіндігін беріп отыр», — дейді Сәния Шәріпова.

Ол сондай-ақ тәлімгерлік үшін ақы төлеу жоспары енгізілетінін атап өтті.  Педагогтың пікірінше, бұл заң жобасы қоғам үшін де маңызды. Себебі Сәния Шәріпованың айтуынша, педагогтың моральдық, заң тұрғысынан қорғалуы жағынан көптеген өзекті мәселелер жинақталған.

«Қазіргі кезде ұстаздарды мектеп оқушыларына қалай білім беру, олармен қалай сөйлесу керек екенін үйреткісі келетін адамдар өте көп. Ал бұрын ұстаз айтқан сөздің салмағы бар еді. Сондықтан бүгінде педагогтың ерекше мәртебесін, оның құқықтары мен міндеттерін заң жүзінде бекіту маңызды болып табылады», — деп түйіндеді ол.

Авторы: Жанна Мұсабаева

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ресейден келгендер мектепте мұғалім болып жұмыс істей алма ма?

Ресейде ішінара мобилизация жарияланған соң Қазақстанға бас сауғалап келгендердің саны көбейді. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ресейлік мұғалімдердің Қазақстанда мектепке жұмысқа орналаса алмайтынын айтты. Zakon.kz-тің жазуынша,...

Алматының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады

Алматы қаласының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтты. «Келесі жылдан бастап Алатау ауданында екі мемлекеттік...

Қазақстанда білім беру 13,8% қымбаттады

Қазақстанда білім беру ақысы 13,8% қымбаттады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті. «Қыркүйек айында білім беру қызметтерінің бағасы...

Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады

Жолдауда ұсынылған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы жұртшылығымен...

Жаңа Әділетті Қазақстанға елімізде білім культі біржола орныққан кезде ғана жетеміз – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының жұртшылығымен кездесуі барысында Мәшһүр Жүсіптің осы өңірдің перзенттерінің арасында алар орнына ерекше тоқталып өтті, деп хабарлайды KAZBILIM БОРТ№1 Telegram...