27.04.2024

Атыраулық оқушы кубикті 12 секунд ішінде құрастырып шықты

Атырауда алғаш рет Рубик текшесін жылдамдыққа құрудан аймақтық чемпионат өтті. Семей, Алматы, Шымкент және Ақтөбе облыстарынан 60-тан астам дарынды жас Рубик бірлігін уақытқа құрудан бақ сынасты

Дүбірлі доданың әділ өтуін бақылауға Украинадан тәуелсіз сарапшылар келген. Екі күнге созылған зияткерлік додада жаңа рекордтар мен есімдер белгілі болды. Байқауға келгендер 2х2, 3х3, «мегамикс», «пирамида» сынды категориялар бойынша бақ сынады.

«Бұл менің Қазақстанға алғаш рет келуім. Сіздерде Рубикті құрастыру қарқынды дамып келеді. Осыдан бес, он жыл бұрын федерация бөлімшелері тек Астана мен Алматы қалаларында болған. Ал қазір елдің барлық аймақтарында KSF өкілдері жұмыс істейді. Менің байқағаным, Қазақстанда мықты спидкуберлер көбейіп келеді. Ал Атыраудағы чемпионатқа келер болсақ, мұндағы қатысушылардың 90 пайызы жасөспірімдер. Балалар үшін бұл алғашқы тәжірибе», — дейді WCA қауымдастығының Украинадағы өкілі Степан Джурило.

Сайыста Әзиз Олжағали, Самалбек Келімов, Әмірхан Исламовтар алдына жан салған жоқ. Әсіресе атыраулық Досымжан Жұмабиденов «көзді жабық күйде жинау» категориясында түрлі түсті текшені 60 қатысушының арасында бір өзі дұрыс орындап шықты. Ал жарыстың ең кішкентай қатысушы Диас Қарағұл болды. Ол қаладағы № 34 мектеп гимназиясында білім алады.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА