27.04.2024

Қазақстан оқушылардың білім деңгейі әлем бойынша 9-орында тұр

Әлемдегі ең білімді 25 елдің тізімін жасаған Vouchercloud порталының сарапшылары Қазақстан оқушылардың білім деңгейі бойынша әлемде 9-орында тұр деп хабарлады.

Рейтинг мектеп оқушыларының білім деңгейі, Нобель сыйлығының иегерлері және халықтың орташа IQ деңгейі негізінде жасалды.

АҚШ-та Нобель сыйлығының лауреаттары бірнеше есе көп (368) болғанмен, ең білімді ел Жапония болды. Күншығыс елінде Нобель сыйлығының иегерлері 26 ғана, бірақ халқының орташа IQ деңгейі мен оқушылардың білім деңгейі айтарлықтай жоғары.

Екінші орынға Швейцария орналасты. Үшінші орында халқының IQ деңгейі жағынан екінші орынды алатын Қытай тұр. АҚШ төртінші орынды қанағат тұтса, үздіктер бестігін Нидерланд түйіндеді.

Vouchercloud порталының сарапшылары Қазақстан мектеп оқушыларына білім беру деңгейі бойынша 9-шы орыннан көрініп, Швейцария, Америка Құрама Штаттары, Норвегия және Финляндияны басып озғанын ерекше атап көрсетті.

Рейтингті жасаушылар еліміздің «барлық үміттерді ақтағанын» жазып, Қазақстанның «жаңа интеллектуалды держава» бола алатынына сенім білдіреді.

Айта кетейік, мектеп оқушыларының білім деңгейі жағынан, рейтингтің алғашқы бестігінде Азия елдері тұр. Рейтингті құраушылардың пайымдауынша, бұл жағдай жаһандық интеллектуалды күштің үлкен өзгеріске ұшырағалы тұрғанын көрсетеді. Уақыт өте келе жаңа инновациялардың бәрі де Шығыстан ағылып, батыстың идеялары өздерінің үстемдіктерін тоқтатады деп болжайды.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА