|  | 

Жаңалық

Мұғалімдердің қай жастан зейнеткерлікке шығатындығы анықталды

Мұғалімдердің қай жастан зейнеткерлікке шығатындығы анықталды. Бұл туралы бүгін елордадағы №59 мектепте өткен қоғамдық тыңдау барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары Сәуле Қабимолдаева мәлім етті.

Оның айтуынша, заң жобасы 6 бөлім мен 21 баптан тұрады. “Заң жобасында материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оқыту құралдарымен жабдықтау жөнінде норма жазылған. яғни, мұғалім,тәрбиеші мектепке сабақ беруге қажетті құрал-жабдықтарды өз қаражаты есебінен сатып алмайтын болады. 8 бапта ҚР Заңнамасында көрсетілген жағдайлардан басқа кезде педагогтарды өздерінің кәсіби міндеттерімен байланысты емес жұмыстарға тартуға болмайтындығы жазылған.  Заңнамамызда қарастырылмаған есеп үлгілері мен кез келген ақпаратты ұсынуын талап етуге де, заңда көзделмеген тексерулерді жүргізуге болмайды. Айта кетерлігі, аталған тармақты талаптарын бұзу әкімшілік жауапкершілікке түрткі болады. Бұл ұсыныстар педагогтарымыздан түсіп отыр”, – деді ол.

Оның дерегінше, заң жобасында педагогтардың кәсіби қызметтегі академиялық еркіндігі мен құқықтары да жазылған.

“Тағы бір қызық норма жас педагог жігіттерге қатысты – әскери қызметті өтеуге шақырылуын кейінге қалдыру”,- деді ол.

Сонымен қатар Сәуле Қабимолдаеваның айтуынша, ұстаздарға ғылыми қызметпен айналысуға шығармашылық демалыс беріледі. Мұндай демалыс уақытында мұғалімнің педагогикалық еңбек өтілі мен жалақысы сақталады және ол 5 жылда бір рет кемінде алты айға беріледі.

Мұнан бөлек, жергілікті атқарушы органдар педагог жалақысын өңірдегі орташа жалақыдан төмен емес деңгейде бекітуге,  түрлі үстемақылар төлуге, “Үздік педагог” атағына ие ұстаздарға 300 АЕК-тен кем емес көлемде сыйақы беруге құқылы. Сонымен қатар  педагогтарға бастапқы жарнасыз жеңілдетілген несиемен баспана алу құқығына әлеуметтік кепіл беріледі.

“30 жылдық жұмыс өтілі болған жағдайда бекітілген зейнет жасына жеткен педагог зейнеткерлерікке шығады. Бұл ұсыныс та еліміздің барлық өңірлерінен дерлік келіп түсті”, – деді ол.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Жастар білімі мен күш-қуатын Отанымызды өркендетуге жұмсайтынына сенімдімін – Н.Назарбаев

    Жастар білімі мен күш-қуатын Отанымызды өркендетуге жұмсайтынына сенімдімін – Н.Назарбаев

    Жастар білімі мен күш-қуатын Отанымызды өркендетуге жұмсайтынына сенімдімін. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде айтты. «Біз әлемдегі озық дамыған  50 елдің қатарына қосылдық. 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасы әзірленді. Мақсатымыз – озық дамыған 30 елдің қатарына ену. Біз қираған КСРО-ның орнында заманауи нарықтық экономикасы бар, табысты  Қазақстан мемлекетін

  • Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі

    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі

    Құрметті қазақстандықтар, отандастар! Ардақты ағайын! Қадірлі әріптестерім,«Нұр Отан» партиясының мүшелері! Мемлекетіміздің аса маңызды тарихи сәттерінде халқыма үндеу жолдайтынымды білесіздер. Бүгін де баршаңызға үндеу жариялағалы отырмын. Бірақ, бүгінгі үндеудің маңызы зор. Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым. Бұл ­– оңай шешім емес. Биыл еліміздің ең жоғары лауазымындағы қызметімді атқарып келе жатқаныма 30

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog