20.05.2024

Қырғызстанда оқуға түсуде мемлекеттік тілді меңгергендер басымдыққа ие болады, ал бізде қалай?

Қырғызстан білім және ғылым министрлігі түлектерді жоғары оқу орнына іріктеу туралы ережеге мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі туралы сертификаты бар түлектерге басымдық беру туралы өзгеріс енгізу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы «Кабар» агенттігі  ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қырғызстан Республикасы үкіметінің қаулысына сәйкес, жалпыреспубликалық тестілеуден бірдей балл алған түлектердің ішінде жоғары оқу орнына түсу гранты мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі туралы сертификаты бар талапкерге беріледі.

Министрлік дерегі бойынша, 2019 жылы тестті талапкерлер өз еріктерімен тапсыратын болады. Мектеп оқушылары биыл 1 наурыздан бастап Қырғызтест сайтында сынама тест тапсыра алады. Ал бізде қалай деп ойлайсыздар?

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА