|  | 

Ұстаз үні

Саясат Нұрбек: Білім алу үшін шетелге кетіп жатқан жастардың көбейгені қынжылтады

Белгілі саясаттанушы Саясат Нұрбек Қостанайда өткен «JAS QOSTA» ақпараттық алаңында көтерілген мәселелер туралы айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ақпараттық алаңда қостанайлық жастарға тәжірибелі мамандар дәріс өткізді. Солардың бірі – Саясат Нұрбек. Белгілі саясаттанушы заманауи үрдістердің қазіргі қазақ қоғамында қалай іске асып жатқаны туралы айтты.

«Қазақстанның әр өңірінде жас буынмен түрлі форматтағы кездесулер ұйымдастырылып жатыр. Бүгін Қостанай облысында тұңғыш рет жастар лагері өтті. Бұл шараға Ресейден қандастарымыздың келгені қуантты. Басқосуда ақпарат жедел алмасып жатқан қазіргі уақытта жастарға дұрыс бағыт беру талқыланды. Сондай-ақ, «Big data жəне жасанды интеллект» тақырыбында дәріс өтті. Жасанды интеллект бағдарламалық жүйелері барлық салаға кіріктіріліп жатыр. Ертеректе адамдар ғана ойлай алады деген түсінік қалыптасты. Бірақ, бұл монополия өзгерді. Роботтар адамдардан да сапалы, жедел жұмыс істейтін болды. Алда талай технологиялық революциялар күтіп тұрғанын ескеру қажет. Негізі осы жасанды интеллект үрдісі қайдан пайда болды? Сыртқы миграцияны қалай тоқтатамыз? Міне, қостанайлық жастармен осы іспеттес сұрақтарды қарастырдық», – дейді Саясат Нұрбек.

Саясаттанушының сөзіне сүйенсек, түйткілдердің дені білім саласы арқылы шешіледі. Қазақстанда заман талабына сай жаңа мамандықтар ашылды. Роботтандыру жақсы үрдіс, бірақ, биотехнологияны да назардан тыс қалдырмаған жөн деп есептейді спикер.

«Білім саласына алаңдаушылық білдірмейміз десек те, шешімін таппаған сұрақтар бар. Бір ғана Қостанай облысын мысалға алайық. Қазіргі кезде көршілес Ресейге білім алу үшін қоныс аударып жатқан жастарымыз көбейді. Оларға кінә арта алмаймыз. Өйткені, өздерінің әлеуеттерін ашатын тетіктерді көрші елден іздейді. Осы сұрақ бізді көбірек қынжылтады әрі толғандырады. Мына, біз елімізде де сапалы білім беретін оқу орындары бар екенін түсіндірсек, ешкім сырт жаққа кетпейді. Тіпті, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы арқылы қолға алынған жобаларды көбі білмейді. Астана хаб пен түрлі стартаптар бар, Назарбаев университетінде жаңа мамандықтар ашылып жатыр. Қықсасы, жастар өз жерімізде тиімді жобалардың барын білсе екен дейміз. Осындай жаңалықтарды өз жастарымызға түсіндіру үшін елдің өңірлерін аралап жүрміз», – деп бөлісті саясаттанушы.

Автор: Қасқырбай Қойшыманов
Inforum.kz

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Білім саласы жүйелі жүргізілуде ме?

    Білім саласы жүйелі жүргізілуде ме?

    Білім беру жүйесін жаңғырту – бүгінгі заман талабы, адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты. Қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жолға қойылып келеді. Елімізде білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүзеге асуда. Біріншісі – білім беру мекемелерін оңтайландыру. Екіншісі – оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту. Ал үшіншісі – білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін

  • Қали Сәрсенбай: Ұлт болашағына қызмет етудің көзі – білім

    Қали Сәрсенбай: Ұлт болашағына қызмет етудің көзі – білім

    Алматы қалалық мәслихаттың депутаты, белгілі журналист, «Алматы ақшамы» басылымының бас редакторы Қали Сәрсенбай «Nur Otan» партиясының Алматы бөлімшесінде жастармен кездесті. Биыл жастар жылы  деп жарияланғаны тегін емес. Ел болашағы –  жастар. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үнемі жастарға қолдау көрсетіп келеді.. Сондай-ақ жауапкершілікті  жаңа буынға сеніп тапсыруы үлкен істің, өнегенің  басы болғаны да рас. Бұл жастарға

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog