08.05.2024

ҰСТАЗДАР, ЖҰМЫСТАРЫҢДЫ ДҰРЫСТАП ІСТЕҢДЕР!

ҰСТАЗДАР, СЕНДЕРГЕ КӨП РАХМЕТ, БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТЫП ЖАТЫРСЫҢДАР, БІРАҚ БҰЛ ӨЗДЕРІҢ ТАҢДАП АЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫҢ ҒОЙ, ДҰРЫСТАП ІСТЕҢДЕР! (Аңсаған Мұстафаның «ФБ» әлеуметтік желісіндегі сөзінен)

Мұғалімнің проблемасы бізде осылай ушығып, кім көрінгеннің қорасындағы қойға айналады дегенді кім ойлап көрген? Мұғалім кім қазір? Бәрін басынан бастап көрейін. Директордың екі түрі болады, бірі дипломға, екіншісі біліміне қарайды. Алғаш лицейге жұмысқа барғанымда, «Паскаль тілін білесің бе? Дельфиді ше? Компьютерлік дизайн ше?» деп, шығармашылық есеп, олимпиада есептерін шешіп барып жұмысқа кіріскенім есімде. Басқа жаққа келдім, бірінші дипломды сұрады, басқа ештеңе қажет емес. Диплом ғана керек! Жас маман, сосын топырлатып жұмысты істедім шапқылап күндіз – түні. Бәрі мойныңа мініп алады. Бас көтертпейді. Аудандық, облыстық көрсеткіштерге жете бастағанда, мойныма мінгендер түсе бастады. Жақсы көрсеткіштермен жиналған «авторитеттің» арқасында «жеке» шаруалардың барлығынан азаттық алдым. Ата-анамен де келіспей қалатын тұстар да болып тұрады. 

Ата-ананың да екі түрі болады: Бірі баламен де мұғаліммен тіл табыса жүріп үнемі байланыста болады. Мұғалімге болысады. Бала «ана мұғалім анандай, мына мұғалім мынандай» десе, «тәйт ары! өсек тасуға кірістің бе» деп тыйып отырады. Екінші ата-ана «бала отыр-ау, шаға отыр – ау» демейді. «Ана мұғалім анандай, мына мұғалім мынандай» деп баласынан «ақпарат» сұрап, онысымен қоймай,  мұғалімді ары апарып тастайды. Үнемі мектептегі жағдайды сұрап, мұғалім қайтті, анау қайтті деп баласын сөз тасымалдауға үйретеді. Баласының сабақ қарауы не қарамауымен шаруасы жоқ. Бір жерден баласы бірдеме зат тауып келіп жатса, «О, қандай жақсы!» деп ала салады. «Қайдан алдың? Неге аласың? Қайдан алдың апар орнына!» деп айтатындар да бар. Бұл жағдайдан кейін бала ешкімнің затын, тіпті далада жатса да алмайды. Ұрлықтың да алдын алып отыру керек.

Мұғалімнің де бірнеше түрі болады: Сөз тасушы немесе «құлақтар». Ешкіммен шаруасы жоқ бейтараптар. Білім іздеп, оқушысын шыңнан –шыңға жетелеуші. Қағаздан бас ала алмайтын қағазбастылықтар. Былай жерде батыр, іске келгенде зып беріп інге кіретіндері де жоқ емес! Әйтеуір, толып жатыр. Кей жерлерде сабақ өткізуге мүмкіндік бермей, «қоғамдық жұмыстардың» қызып тұрғаны рас. 

Оқулықтағы толып жатқан олқылықтардың өзін айтпағанда, мектепке дейін былығып жатқан мәселелер! Ақша жинау! Ақша жинауды кадр мәселесін төменнен, қалған олқылықтарды жоғарыдан сұраңыздар. Стандартта не берілген, соны жеткізу — мұғалімнің міндеті. Ары қарай мұғалім ізденбесе, кімнен іздейсіз проблеманы? Сол мұғалімдерді тексеріп отырған оқу завучтары мен директорлары жауап беруі керек! Сол мұғалімді жұмысқа алып отырған директор жауап беруі керек! Қазіргі директорларға қандай мұғалімдер пайдалы? Білімді ме, әлде ештеңені керек қылмайтындар ма? Әрине өзіне қарсы жақ ашпайтын, ештеңені керек қылмайтындар қажет! Сондықтан онсыз да көрінгеннің концерті мен көрмесіне, жиналысына барып зал толтырып, өз баласына қарауға мұршасы жоқ мұғалімге не айтасыздар?! 

Көпке топырақ шашпаймын, директордың да мықтылары бар, ұстаздың ұстазы — алтын ұстаздар да бар! Күндіз- түні жүгіретін ата-аналар да бар мықты – мықты! «Бір құмалақ бір қарын майды шіріткен» бұл қоғамда мұғалімдердің статусы әлі де болса төменгі дәрежеде! Біз сеніп жүрген, мұғалімдердің құқын қорғайтын кәсіподақтардың өзі қауқарсыз күйде! «Мұғалімнің ана проблемасы» деп теледидардан көтеріп жатқан кезде кірісіп, сұхбат беріп тұрған кәсіподақ төрағаларын көрдіңіздер ме?! Мұғалім келе жатыр дегенде, зып беріп қораға кіретін, қашатын оқушы жоқ қазір! Есесіне оқушыларымыз қандай бақытты, бір-бір «крышасы» бар! Мұғалімдерге де сондай «крыша» нәсіп етсін!

 Мейіржан Темірбек

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА