27.04.2024

Мыхан Рамат. Тәуелсіздік — елдің мұраты

2013 жылғы сәуір айындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Арыстан» лицейіне келген сәтінен көрініс.

Аңсаған бабам азаттық,
Азаттық деймін ұраным.
Бірлігін ойлап Тұранның
Шарқ ұрған ерке ұланмын.

Бірлік пен теңдік қазақтың
Арманы болған сан ғасыр.
Аңсаған бабам азаттық,
Ширек ғасыр бұрын ақыр.

Егемен елім бүгінде,
Талайлармен теңескен.
Орта азиялық барыспын,
Айдарынан жел ескен.

Кімдер терін төкпеді,
Қазақстан сен үшін!
Тәуелсіздік – тарих көктемін,
Елбасшы алды елі үшін!

Нұр ағам болды ырысым,
Кеңіткен елдің тынысын,
Тәубе етіп, қазақ, жүрейік,
Тәуелсіз атқан күн үшін.

«Арыстанда» ұлдар бар,
Қорғайтын елдің намысын!
Қазақстанның ұлдарын,
«Арыстанға» қарап танысын!!!

Мыхан Рамат. Алматы қаласы маңы «Арыстан» мамандандырылған лицейі 10 «Б» сынып оқушысы.
Жетекшісі: ф.ғ.к., Жанар Тоқтарбайқызы Өміржанова

Шығармашылық бәйге туралы мұнда басыңыз

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА