-9 C
Нур-Султан
22.03.2023

Жанболатұлы Айдос. Қазақта көп қой зиялы…

Қазақта көп қой зиялы
Тәуелсіздікті аңсаған.
Неліктен жанын қияды?
Бостандық үшін сонша адам?

Қазақ деген –азат жан,
Көкбөріден таралған.
Тарихы бар сан алуан,
Сақ, ғұндардан нәр алған.

Қандай қырғын болса да,
Қарсы тұрып келеміз.
Жерімізді бермейміз,
Жанымызды береміз.

Қытай, жоңғар, кәпірдің,
Қыспағынан құтылдық.
Толқынына тарихтың,
Талай мәрте жұтылдық.

Батыр мен хан бірігіп,
Ел-жер үшін күресті.
Оларда бар ірілік,
Ұрпағына үлесті.

Зиялы жан көп бізде,
Ұлты үшін ұрандар.
Әлихан, Ахмет дем беріп,
Алашорда құралған.

Абылайдан қалған іс,
Бар қазаққа аманат.
Өткен өмір–көрген түс,
Болмас оны жамандап.

«Алаш» деді ұраным,
Оқыған мен зиялы.
Осы ұранның талайға,
Тиіп кетті зияны.

Жер аудардық, қудалап,
Атақтысын аттық кеп.
Ұлтшылдықты құрттық қудалап,
Құдайсыздан пана таптық деп.

Мыңдап құрттық жақсыны,
Жылпостарды көсем қып.
Мақтай бердік, бас иіп,
«Жасасынды» шешен қып.

Қанды соғыс бес жылдық,
Жас түлекті жалмады.
Әрең-әрең ес жидық,
Қарттарда қауқар қалмады.

Сонда дағы талмастан,
Тың көтердік жабыла.
Бабадан бізге жалғасқан,
Қарсы жүзу ағынға.

Ұлттық құрам кеміді,
Саясатпен, аштықпен.
Құлша жаншып елімді,
Қасап қылды қастықпен.

Азаптан да өтті елім,
Тозақтан да өтті елім.
Қара киген қасірет,
Қанша үйге септі өлім.

Қажығанмен қазағым,
Тағы да бір қарманды.
Желтоқсанда жаңғыртып,
Дүр сілкінтті жалғанды.

Димекең боп ойландық,
Бауыржанша қомдандық.
Қазағымның тұтқасын,
Ақыры біз қолға алдық.

Тәуелсіздікке қол жетті,
Тар жол, тайғақ кешумен.
Елім деп туған есіл ер,
Елінің кетпес есінен.

Нұрсұлтандай Елбасы,
Тарих көшін бастап тұр.
Мұхтар, Бекболат, Олжасы,
Бастаған ісін қостап тұр.

Қазақта көп қой азамат,
Елі үшін жанын қиятын.
Сыймаса да кең жерге,
Жүрекке ғана сиятын.

Тарих оқушы көзімен,
Бағаланар өзгеше.
Тарихты жазған ғалымдар,
Ұлттың қамын көздесе.

852Абылай ханды әдебиет,
Үш жүздің ханы деп білер.
Ал тарихта басқаша,
Күдік ойды түрткілер.

Ұлы қазақ хандығы,
550 жылдығын.
Үміт отын жандырып,
Асырып елдің мерейін,
Тойлау керек ағайын!

Жанболатұлы Айдос
«Арыстан» мамандандырылған лицейінің 9 –сынып лицеисі.
Жетекшісі: ф.ғ.к., Ж.Т.Өміржанова

Шығармашылық бәйге туралы мұнда басыңыз

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...

Шетелдік ғылыми тағылымдама: өзгерістер мен жаңартулар

Білімде шекара жоқ. Қазіргі таңда оқимын, білімімді шыңдаймын деген дарынды жастардың кез келген елге барып, тең дәрежеде білім алуына толық мүмкіндігі бар десек қателеспейміз. Президент...