27.04.2024

Асқарбекұлы Аят. Тағзым

Қилы заман, азапты үн,
Міне бүгін ғажап күн.
Абылай мен Қасымхан,
Кемел ұлы қазақтың.

Хақназар мен әз Тәуке,
Қос ұлдары қазақтың.
Осы менін хандарым,
Сақтап қалған алашты.

Ай, Абылай, Абылай,
Қазағымның ұлы едің.
Өзіңізге жас ақын,
Арнайды аппақ тілегін.

Төле биден үлгі алып,
Білім қуып, хат танып.
Хан тағына отырдың,
Еңбек етіп, күш салып.

HV9ScW0IwtQҰстанайық хандардың,
Әділ жазған заңдарын.
Осы ғана керегі,
Түк емес қой қалғаны.

Тіл мен дінім жұптасып,
Болашаққа нық басып.
Тарихымыз өрлесін ,
Елімізге құт дарып.

Асқарбекұлы Аят
2000 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген.
Абай атындағы №26 орта метептің 9- сынып оқушысы.

Шығармашылық бәйге туралы мұнда басыңыз

-ЖАРНАМА-spot_img

9 КОММЕНТАРИИ

  1. Талабың өрге жүзсін Аят, жақсы жазыпсың, Өлеңдеріңді журналға күтеміз!

  2. Тек алға! Жарайсың! Өленің керемет! Абылай бабамыздың аруағы қолдап жүрсін!

  3. Жарайсың,Аят!Саған тек жеңіс тілеймін.Өлеңін күшті ұтуына тілектеспін досым!!!

  4. Жарайсын! Жетистикке жетуине тилектеспин! Тек Алга! Казбилим.кз порталына алгысым шексиз! Аятты колдайык!!!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА